Елордада жасөспірімдер арасында жеңіл атлетика марафоны өтті
ҚР Қарулы Күштерінің 30 жылдығына орай өткізілген шараны «Отан. Әскер.Жас Сарбаз» жобасы аясында «Жас Сарбаз жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Нұр-Сұлтан қалалық филиалы ұйымдастырды.
Марафонға елорданың 300-ге жуық жасөспірімі мен жастары қатысты. Ұлдар арасында 3 шақырым, ал қыздар арасында 2 шақырым қашықтыққа жүгіруден жарыс өткізілді. Жүзден жүйрік келген жеңімпаздар алғыс хаттармен және төсбелгілермен марапатталды.
Бұл шараға Нұр-Сұлтан қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев, қалалық Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров, «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы Асхат Налшыбек қатысты .
-->ҚР Қарулы Күштерінің 30 жылдығына орай өткізілген шараны «Отан. Әскер.Жас Сарбаз» жобасы аясында «Жас Сарбаз жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Нұр-Сұлтан қалалық филиалы ұйымдастырды.
Марафонға елорданың 300-ге жуық жасөспірімі мен жастары қатысты. Ұлдар арасында 3 шақырым, ал қыздар арасында 2 шақырым қашықтыққа жүгіруден жарыс өткізілді. Жүзден жүйрік келген жеңімпаздар алғыс хаттармен және төсбелгілермен марапатталды.
Бұл шараға Нұр-Сұлтан қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев, қалалық Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров, «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы Асхат Налшыбек қатысты .
- Бүгінгі жастар - ертеңгі ел болашағы демекші, жастарды спортқа баулу, олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру – біздің басты мақсатымыз. Біз «Отан. Әскер.Жас Сарбаз» жобасы аясында Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен бірқатар іс-шарларды жоғарғы деңгейде атап өттік. Мұндай шараларды жиі өткізу жоспарымызда бар,- деді «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы Асхат Налшыбек.