Қазақстан Қырғызстанға гуманитарлық көмек жіберді
Қазақстаннан ұн түрінде жіберілген гуманитарлық көмектің алғашқы партиясы (800 тонна) Қырғыз Республикасына жеткізілді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап. Аталған жүк барлық санитарлық-эпидемиологиялық норма сақтала отырып, теміржол арқылы 12 вагонмен әкелінді. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пандемияға қарсы әрекет жасау кезеңінде көрші елдерге қолдау көрсету мақсатында Қырғызстан мен Тәжікстанға жалпы сомасы 3 млн доллардан астам қаражатқа әр елге 5 мың тоннадан ұн түрінде гуманитарлық көмек беру туралы шешім қабылдаған еді. Қырғызстанның Ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі және мелиорация министрі Эркинбек Чодуевтың айтуынша, қырғыз тарапы Қазақстан үкіметі көрсеткен көмекті жоғары бағалайды әрі бауырлас қазақ халқына үлкен ризашылық білдіреді. Гуманитарлық көмек Қырғыз Республикасы үкіметінің жанындағы Мемлекеттік материалдық резервтер қорының қоймасына орналастырылды.
-->Қазақстаннан ұн түрінде жіберілген гуманитарлық көмектің алғашқы партиясы (800 тонна) Қырғыз Республикасына жеткізілді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап. Аталған жүк барлық санитарлық-эпидемиологиялық норма сақтала отырып, теміржол арқылы 12 вагонмен әкелінді. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пандемияға қарсы әрекет жасау кезеңінде көрші елдерге қолдау көрсету мақсатында Қырғызстан мен Тәжікстанға жалпы сомасы 3 млн доллардан астам қаражатқа әр елге 5 мың тоннадан ұн түрінде гуманитарлық көмек беру туралы шешім қабылдаған еді. Қырғызстанның Ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі және мелиорация министрі Эркинбек Чодуевтың айтуынша, қырғыз тарапы Қазақстан үкіметі көрсеткен көмекті жоғары бағалайды әрі бауырлас қазақ халқына үлкен ризашылық білдіреді. Гуманитарлық көмек Қырғыз Республикасы үкіметінің жанындағы Мемлекеттік материалдық резервтер қорының қоймасына орналастырылды.