Елордада өтетін велошеру 28 мамырға ауыстырылды
Осыған дейін хабарланғандай, жаппай велошеру 21 мамырда өтуі тиіс болатын. Алайда ауа райының қолайсыздығына байланысты 28 мамырға ауыстырылды.
Іс-шара «Астана Орманы» жасыл белдеуінің веложолында өтеді.
Қатысушылар 3 шақырым қашықтықты жүріп өтеді. Тіркеу сағат 9.00-де басталады, ал басталуы – сағат 10.00-де.
Ұйымдастырушылар велошеру спорттық жарыс емес екенін айрықша атап өтті.
Сол сияқты қатысушылар арасында лотерея ұйымдастырылып, бағалы сыйлықтар ойнатылады.
Балалар жылы мен веломаусымның ашылуына орай ұйымдастырылатын жаппай велошеру Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен өтеді.
-->Осыған дейін хабарланғандай, жаппай велошеру 21 мамырда өтуі тиіс болатын. Алайда ауа райының қолайсыздығына байланысты 28 мамырға ауыстырылды.
Іс-шара «Астана Орманы» жасыл белдеуінің веложолында өтеді.
Қатысушылар 3 шақырым қашықтықты жүріп өтеді. Тіркеу сағат 9.00-де басталады, ал басталуы – сағат 10.00-де.
Ұйымдастырушылар велошеру спорттық жарыс емес екенін айрықша атап өтті.
Сол сияқты қатысушылар арасында лотерея ұйымдастырылып, бағалы сыйлықтар ойнатылады.
Балалар жылы мен веломаусымның ашылуына орай ұйымдастырылатын жаппай велошеру Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен өтеді.
Қаланың тұрғындары мен қонақтарын жаппай веложарысқа белсенді қатысуға шақырамыз, – делінген хабарламада.