Нұр-Сұлтанда 14 кәсіпкерлік нысан карантин талаптарын бұзған
Өткен жұма күні карантин режимін бұзған 14 кәсіпкерлік нысан әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мысалы Есіл ауданында белгіленген уақыттан кейін «ШашлыкоFF» гриль-бары, Chechil pub және Totem барлары, Velluta мейрамханасы, Baoli лаундж-бары келушілерді қабылдауды жалғастырған. Сондай-ақ Сарыарқа ауданында «Маман» мейрамханасы, Global cofee кофеханасы, «Пинта» және Astana Rock Cafe барлары тиісті талаптарды сақтамаған. Ал Алматы ауданында орналасқан «Белес» мейрамханасында, «Узбекский двор 8», «Киш Миш», «Лото клуб» кафелерінде жұмыс тәртібі бұзылып отыр. Байқоңыр ауданындағы Barrus түнгі клубы да карантиндік шектеулерді елемей, жұмыс істеген. Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы уәкілетті органға жіберілді.
-->Өткен жұма күні карантин режимін бұзған 14 кәсіпкерлік нысан әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мысалы Есіл ауданында белгіленген уақыттан кейін «ШашлыкоFF» гриль-бары, Chechil pub және Totem барлары, Velluta мейрамханасы, Baoli лаундж-бары келушілерді қабылдауды жалғастырған. Сондай-ақ Сарыарқа ауданында «Маман» мейрамханасы, Global cofee кофеханасы, «Пинта» және Astana Rock Cafe барлары тиісті талаптарды сақтамаған. Ал Алматы ауданында орналасқан «Белес» мейрамханасында, «Узбекский двор 8», «Киш Миш», «Лото клуб» кафелерінде жұмыс тәртібі бұзылып отыр. Байқоңыр ауданындағы Barrus түнгі клубы да карантиндік шектеулерді елемей, жұмыс істеген. Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы уәкілетті органға жіберілді.