Елордада қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті
Жиында қаланың 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті қаралды.
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Айжан Түгелбаева баяндама жасады. Оның айтуынша, 2022 жылы қаланың бекітілген бюджеті 739,2 млрд теңгені құрады.
Әр басқарма бойынша негізгі бағыттар мен басымдықтарға қосымша қаржы бөлінді. Мәселен, әлеуметтік салада еңбекпен қамту бағдарламасын қолдауға, соғыс ардагерлеріне мереке күндері бір жолғы ақшалай көмек беруге, «Нұрлы жүрек» мекемесінің қаржылық шығындарын өтеуге қосымша қаражат бөлу жөнінде шешім қабылданған.
Мәдениет саласы бойынша Саяси қуғын-сүргін құрбандары күнін өткізуге, Qanattylar инклюзивтік бөлімінің 15 қосымша штаттық бірлігіне жалақы төлеуге қаражат бөлінеді. Спорт саласында бұқаралық спортты дамытуға, кәсіби спортты қолдауға, қосымша спорттық білім беру сияқты іс-шараларға қолдау көрсетіледі. Елордадағы 6 аула клубының жөндеу жұмыстарына да қаражат қарастырылған. Көлік инфрақұрылымына атап айтқанда жолдардың орташа деңгейде жөнделуіне, әлеуметтік маңызы зор ішкі рейстер бойынша жолаушылар тасымалына жәрдемақша бөлу көзделген.
Энергетика және коммуналдық шаруашылық саласында елорданы толық газдандыру, №3 ЖЭО-ны салу, нөсер канализациясын дамыту және басқа да мәселелерге қосымша қаражат бөлінеді. Сәулет және қала құрылысы саласы бойынша елді мекендердегі құрылыстардың бас жоспарын жасауға қаражат бөлу мәселесі қолдау тапты.
-->Жиында қаланың 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті қаралды.