Нұр-Cұлтанда екі күнде 16 мекеме карантин талаптарын бұзды
Әкімдік мәліметінше, мәселен, өткен екі күнде, яғни 3 және 4 тамызда мониторингтік топтар 16 мекемені әкімшілік жауапқа тартты. Алматы ауданында «Рыба моей мечты» караоке-клубы карантин режимін бұза отырып жұмыс істеді. Ертеңінде мұндай заң бұзушылық Mansion караоке-барында да анықталды. Маска режимін бұзу, әлеуметтік қашықтық пен карантин режимін сақтамау Байқоңыр ауданының 4 мекемесінде анықталды. Бұл - «Әмір» базары, «12 ай» дүкені, Boroda және Muller барлары. 4 тамызда тағы екі мекеме - Small дүкені және «Мята» лаундж бары бас дәрігердің бұйрығын сақтаған жоқ. Сарыарқа ауданында 2 күн ішінде мониторингтік топтар «Самұрық» кафесі мен «Семейная» моншасында, сондай-ақ «Шашлык на набережной» және Playstation Club кафелерінде заң бұзушылықты анықтады. Жұмыс режимін бұзу, жаздық кафелердің жұмыс істеуі, келушілер мен әкімшілік қызметкерлерінің бетперде режимін сақтамауы, сондай-ақ әлеуметтік қашықтықты сақтамау Есіл ауданындағы Lavash Food фаст-фуд пунктінде, «Панаехали», «баХабаг» барларында және Gold Game компьютерлік клубында анықталды. Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы уәкілетті органға берілді. Астанадағы эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз. Тәулік сайын шаһарда КВИ жұқтырудың 1 300-ден астам жағдайы анықталады. Коронавирустың орташа және ауыр ағымы бар 300-ге жуық адам аурухана төсектеріне түседі. Осыған байланысты бас қала тұрғындары мен қонақтары, сондай-ақ кәсіпкерлік нысандары санитарлық нормаларды және карантин режимінің талаптарын мүлтіксіз сақтауы, адам көп жиналатын орындардан аулақ болуы тиіс. Шектеу шараларын сақтамау және оған тиісті деңгейде қарамау коронавирус індетінің өршуіне алып келеді.
-->Әкімдік мәліметінше, мәселен, өткен екі күнде, яғни 3 және 4 тамызда мониторингтік топтар 16 мекемені әкімшілік жауапқа тартты. Алматы ауданында «Рыба моей мечты» караоке-клубы карантин режимін бұза отырып жұмыс істеді. Ертеңінде мұндай заң бұзушылық Mansion караоке-барында да анықталды. Маска режимін бұзу, әлеуметтік қашықтық пен карантин режимін сақтамау Байқоңыр ауданының 4 мекемесінде анықталды. Бұл - «Әмір» базары, «12 ай» дүкені, Boroda және Muller барлары. 4 тамызда тағы екі мекеме - Small дүкені және «Мята» лаундж бары бас дәрігердің бұйрығын сақтаған жоқ. Сарыарқа ауданында 2 күн ішінде мониторингтік топтар «Самұрық» кафесі мен «Семейная» моншасында, сондай-ақ «Шашлык на набережной» және Playstation Club кафелерінде заң бұзушылықты анықтады. Жұмыс режимін бұзу, жаздық кафелердің жұмыс істеуі, келушілер мен әкімшілік қызметкерлерінің бетперде режимін сақтамауы, сондай-ақ әлеуметтік қашықтықты сақтамау Есіл ауданындағы Lavash Food фаст-фуд пунктінде, «Панаехали», «баХабаг» барларында және Gold Game компьютерлік клубында анықталды. Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы уәкілетті органға берілді. Астанадағы эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз. Тәулік сайын шаһарда КВИ жұқтырудың 1 300-ден астам жағдайы анықталады. Коронавирустың орташа және ауыр ағымы бар 300-ге жуық адам аурухана төсектеріне түседі. Осыған байланысты бас қала тұрғындары мен қонақтары, сондай-ақ кәсіпкерлік нысандары санитарлық нормаларды және карантин режимінің талаптарын мүлтіксіз сақтауы, адам көп жиналатын орындардан аулақ болуы тиіс. Шектеу шараларын сақтамау және оған тиісті деңгейде қарамау коронавирус індетінің өршуіне алып келеді.