Елордада бір ай бойы бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтеді
Жәрмеңкеде 10 жұмыс беруші өздерінің бос орындарының ұсынып отыр. Алдағы бір айдың ішінде олардың қатары жаңа компаниялармен толыға түседі.
Жұмыс іздеп жүрген Жамбыл Малжанов бүгін кездейсоқ «Тұлпар» сауда үйінің жанынан өтіп бара жатып, жәрмеңкеге тап болған.
-->Бұл іс-шараның басты мақсаты – жұмыссыз азаматтардың ресми жұмысқа тұрып, күн сайынғы еңбекақы емес, тұрақты жалақы алып тұруына мүмкіндік беру. Тұрақты жұмысқа орналасудың зейнетақы жинағы, жыл сайынғы еңбек демалысы, медициналық сақтандыру деген секілді бірқатар артықшылығы бар, – дейді Жұмыспен қамту орталығының директоры Азамат Байтасов.
Жәрмеңкеде 10 жұмыс беруші өздерінің бос орындарының ұсынып отыр. Алдағы бір айдың ішінде олардың қатары жаңа компаниялармен толыға түседі.
Жұмыс іздеп жүрген Жамбыл Малжанов бүгін кездейсоқ «Тұлпар» сауда үйінің жанынан өтіп бара жатып, жәрмеңкеге тап болған.
Өзімнің сұранысыма сай келетін жұмыс таптым. Бұрын Ресейде краншы болып жұмыс істегенімде шамамен 400 мың теңгедей алатынмын, қазір дәл осындай жұмысты 450 мың теңгеге тауып отырмын. Жолым болды деп ойлаймын, – дейді ол.