Елорда жаңалықтары

Көлгінов Байқоңыр ауданын дамыту мәселесін тұрғындармен талқылады

Қазіргі уақытта жоғары вольтты электр беру желісін көшіру бойынша жобалық құжаттаманы әзірлеу жөнінде жұмыстар жүріп жатыр, ал ары қарай конкурс жарияланады. Бұл шағын ауданды одан әрі дамыту және басқа үйлерді сатып алу үшін инвесторлар тартуға оң әсерін тигізеді.

-->

Қазір әлеуметтік нысандар (мектептер, қолжетімді тұрғын үйлер, медициналық орталықтар, спорт және демалыс орталықтары) құрылысы елорданың барлық ауданында, оның ішінде Байқоңыр ауданында да жүріп жатыр. Мәселен қала тұрғындарының өтініші бойынша Кирпичный елді мекенінде апатты жағдайда тұрған мектепті бұзып, жаңасын саламыз. Сол сияқты жол жұмыстары, аулалар мен қоғамдық кеңістіктерді салу және абаттандыру, жарықтандыру секілді өзге де жұмыстар басталды. Дегенмен әр ауданның шешілмей келе жатқан өте маңызды және күрделі проблемалары бар. Мәселен Күлтегін көшесінің бойында жоғары вольтты электр беру желісі орналасқан. Бұл проблеманың шешілмей келе жатқанына 26 жыл болды. Қала тұрғындарымен кездесуден кейін біз жоғары вольтты электр беру желісін көшіріп, үйлерді (Асан Қайғы көшесі) бұзу туралы шешім қабылдадық, олар кезең-кезеңімен 3-5 жыл бойы жүргізілетін болады, – деді Алтай Көлгінов.

Қазіргі уақытта жоғары вольтты электр беру желісін көшіру бойынша жобалық құжаттаманы әзірлеу жөнінде жұмыстар жүріп жатыр, ал ары қарай конкурс жарияланады. Бұл шағын ауданды одан әрі дамыту және басқа үйлерді сатып алу үшін инвесторлар тартуға оң әсерін тигізеді.

Сол сияқты судың қысымы туралы проблема да көтерілді. Осыған дейін айтқанымдай, өткен жылдан бастап сорғы-сүзу станциясының (ССС-3) құрылысына кірістік. Нысан ішінара осы жылдың соңына қарай пайдалануға беріледі, ал 2023 жылдан бастап жаңа ССС-3 жұмысының қуатын арттырамыз. Қазір тәулігіне 300 мың текше метрді тұтынатын болсақ, онда ССС-3 қуаттылығы тәулігіне қосымша 100 мың текше метрден асады, – деді елорда әкімі.