Елорда жаңалықтары

Биыл шамамен 150 астаналық бизнес идеясы үшін 5 млн теңгеге дейін грант алады (ВИДЕО)

Сондай-ақ Балтаев инвестициялық келісімшарт аясында іске асып жатқан жобалар туралы айтты.

Бұдан соң Балтаев елордада бизнес-идеяларға берілетін грант жөнінде айтты.

-->

Елордада бизнесті қолдау мақсатында ашылған екі экономикалық аймақ бар, оның бірі – «Астана – жаңа қала» болса, екіншісі – «Астана Технополис» аймағы. Бүгінде индустриялық аймақта 90-нан астам жоба жүзеге асырылуда, оның ішінде «Тұлпар Тальго», локомотив зауыты, құрылыс материалдарын шығаратын зауыт бар, – деді басқарма басшысы.

Сондай-ақ Балтаев инвестициялық келісімшарт аясында іске асып жатқан жобалар туралы айтты.

Қазір елімізде инвестициялық контракт деген түсінік бар. Үкіметтің арнайы жобалар тізімі бар, егер сол жобаға сәйкес келетін болса, жер телімін грант ретінде бөлу қарастырылған. Қазірге дейін 254 аймақтық кеңесіміз өтіп, 170-ке жуық жоба мақұлданды. Бүгінде елордада салынып жатқан жекеменшік мектептердің бәрі сол инвестициялық келісімшарт шеңберінде іске асуда, – деді ведомство басшысы.

Бұдан соң Балтаев елордада бизнес-идеяларға берілетін грант жөнінде айтты.

Былтыр 318 млн теңгеге 68 бизнес-идеяға грант берілген болатын. Биыл бұл бағдарламаға 345 млн теңге бөлу көзделген еді, бірақ бұл жолы көп өтініш түскен соң бұған қосымша тағы да 300 млн теңге қаражат бөлінді. Биыл 1800-ге жуық өтініш түсіп, оның 981-і келесі кезеңге іріктеліп алынды. Енді солардың шамамен 150-дейіне 5 млн теңгеге дейін грант беріледі, – деді ол.