Елорда жаңалықтары

Елордада бірнеше жол учаскесі уақытша жабылады

Осы жылдың 13-16 мамыр аралығында жол төсемін орташа жөндеу жүргізуге байланысты Қабанбай батыр даңғылының Қорғалжын тасжолынан Сарайшық көшесіне дейінгі аралығы көлік қозғалысы үшін толығымен жабылатын болады.

Дәл сол себепті жоғарыда аталған күндері Jusan Bank ғимаратының жанындағы Ә.Бөкейхан көшесі мен Сығанақ көшесінің арасындағы қозғалыс пен жол толығымен жабылады.

-->

Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз, - делінген хабарламада.