Елорда жаңалықтары

Елордада ЖИТС құрбандарын еске алу күніне орай акция өтті

1983 жылы алғаш рет жарияланған бұл күн – бүгінде 115 елде 1 200 қоғамдық ұйымның ұйымдастыруымен іс-шаралар өткізілетін маңызды күнге айналды. Бұл күні жыл сайын ерекше ұран бекітіліп, сол ұранның аясында түрлі іс-шаралар өткізіледі. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, Білім басқармасы, қалалық медициналық оқу орындары студенттерінің және үкіметтік емес ұйымдардың қолдауымен биыл бұл күн «Біз есімізде ұстаймыз. Біз әрекет жасаймыз. Біз АИТВ-дан жоғарымыз!» ұранымен өтуде.

Қала жастарының қатысуымен «Студенттер» саябағында кең ауқымды акция ұйымдастырылды. Акцияға 150-ден астам адам қатысып, оның 53-і қан талдау арқылы, 19 адам ауыз қуысы сілекей арқылы ЖИТС сынамасын анықтауға тест тапсырды.

14 мамырда «Бәйтерек» монументі, «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығы және «ҚТЖ» бас кеңсесінің ғимараттары кешкілік АИТВ-мен күресу символы – қызыл лента болғандықтан толық қызыл түске боялып жанады.

Қауіпті дерт өткен ғасырда өлімге әкелетін сырқат болып саналатын еді, қазіргі таңда АИТВ жұқпасы созылмалы ауру ретінде қаралады. Бұл пациенттің өмірін ондаған жылдарға созып, жанама әсері аз болатын тәжірибеге антиретровирусты терапияны, емдеудің жаңа дәрілік заттарын енгізумен байланысты болып отыр, яғни қазір дерт жұқтырған адам уақытылы ем-домын үзбей қабылдап, дәрігердің ұсыныстарын ұстанған жағдайда биологиялық қарттық жасына дейін өмір сүре алады. Осы тұрғыда аурудың алдын алу мен емі бойынша медицина жоғары табыстарға қол жеткізді.

Қазіргі таңда Нұр-Сұлтан қаласында 1 643 науқас осы ауру бойынша диспансерлік есепте тұр. Антиретровирустық терапияның арқасында АИТВ-инфекциясы созылмалы жұқпалы аурулар қатарына еніп, өлім-жітім азайды. Оның таралу деңгейіне байланысты еліміздің аймақтары 3 топқа бөлінеді: таралуы жоғары, орташа және төмен аймақтар. Нұр-Сұлтан АИТВ-инфекциясының таралу деңгейі жоғары – 0,2%-дан астам аумақтар тобына жатады. Бұл қолжетімді әрі тегін тестілеу мүмкіндігіне тікелей байланысты болып отыр. Жыл сайын елорда тұрғындарының 25-30 пайызы АИТВ бойынша тест тапсырады.  

Райхан Рахметова

-->