Сарыарқа ауданында жаңа қоғамдық кеңістік салынады
Жобаланған учаске Тілендиев – Ұлытау – Арқалық – Қайнар көшелерінің төрттігінде орналасқан.
Сарыарқа ауданы тұрғындарының өтініштері бойынша аудан әкімдігінің өкілдерімен талқылау кезінде астаналық урбанистика орталығының сәулетшілерімен бірлесіп жобаның эскизі жасалды.
Н. Тілендиев даңғылындағы 44/1, 46, 48, 50 үйлердің жанында қоғамдық және аула кеңістігі пайда болады. Абаттандыру алаңы 7,5 га, көгалдандыру – 1,5 га құрайды.
Мұнда 200-ге жуық ағаш пен 50 көпжылдық бұта отырғызу жоспарланған.
Жаңадан құрылып жатқан қоғамдық кеңістіктің бойына түптері сәндік тормен қоршалған ірі ағаштар отырғызылады. Сонымен қатар, учаске айналасында көшені жарықтандыруды да қарастырылған.
Аула кеңістігі аумағында футбол алаңы, воркаут аймағы, тренажер учаскесі, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған балалар алаңы және 6 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға арналған ойын алаңы ашылады.
Бұдан басқа, Тілендиев даңғылында - 160 тұрақ орны, Қайнар көшесінде - 50 орын, Арқалық көшесінде - 130, Ұлытау көшесінде - 40 жаңа тұрақ орындары құрылды.
Естеріңізге сала кетейік, "Нұр-Сұлтан – жайлы қала" мастер-жоспары аясында биыл елордада 200-ден астам аула мен қоғамдық кеңістікті абаттандыру жоспарланып отыр.
-->Жобаланған учаске Тілендиев – Ұлытау – Арқалық – Қайнар көшелерінің төрттігінде орналасқан.
Сарыарқа ауданы тұрғындарының өтініштері бойынша аудан әкімдігінің өкілдерімен талқылау кезінде астаналық урбанистика орталығының сәулетшілерімен бірлесіп жобаның эскизі жасалды.
Н. Тілендиев даңғылындағы 44/1, 46, 48, 50 үйлердің жанында қоғамдық және аула кеңістігі пайда болады. Абаттандыру алаңы 7,5 га, көгалдандыру – 1,5 га құрайды.
Мұнда 200-ге жуық ағаш пен 50 көпжылдық бұта отырғызу жоспарланған.
Негізгі аллея әткеншек пен авторлық орындықтары бар демалыс аймағының аумағын қамтиды. Балаларға арналған балалар алаңы жас санаттары бойынша бөлінген. Балалар үшін жеке аймақ бар, үлкендер тобының белсенділігі үшін де бар, - деді Урбанистика орталығының басшысы Елнар Базыкен.