Елорданың кей аудандарында ауыз су беру уақытша тоқтатылады
14 мамыр сағат 9:00-ден бастап 17:00-ге дейін жоғарыда аталған аудандарда су құбыры желілерін іске қосу бойынша жұмыстарға байланысты қысым төмен болады.
-->ССС аумағында Нұр-Сұлтан қаласының Сол жағалау бөлігіне су беретін Д=1000 мм магистральдық ауыз су тартқышқа ойып салу. Осыған байланысты, 13 мамыр сағат 22:00-ден бастап 14 мамыр сағат 09:00-ге дейін Есіл ауданы бойынша ішінара: Мәңгілік Ел даңғ., Nova city ТК аумағы, Заречный т.м., Тельман т.м., Пригородный т.м., BI Village/FamilyVillage, Қабанбай батыр даңғ., сонымен қатар Алматы ауданы бойынша ішінара: Мыңжылдық аллеясы аумағы, Оңтүстік-Шығыс т.м., оң жағы, Қалдаяқов-Тәуелсіздік-Панфилов-Аманжолов көшелер квадраты, Б.Момышұлы, Абылай хан даңғ., Қордай к-сі, Айнакөл к-сі, Р.Қошқарбаев, М.Төлебаев, К.Әзірбаев к-сі, A-62, Жаңа теміржол вокзалының аумағы, Т.Жүргенов, Баянтау, А-98, Ш.Қалдаяқов, Ж.Нәжімеденов, А.Байтұрсынұлы, Дип. қалашық к-сі, Тәуелсіздік даңғ., И.Панфилов, А.Храпатый, Сарайшық шағын ауданында ауыз су беру тоқтатылады, – делінген «Астана су арнасы» хабарламасында.
14 мамыр сағат 9:00-ден бастап 17:00-ге дейін жоғарыда аталған аудандарда су құбыры желілерін іске қосу бойынша жұмыстарға байланысты қысым төмен болады.
Елорданың белсенді құрылысы қаланың сумен жабдықталуын жақсарту үшін осы жұмыстардың орындалуын талап етеді. Сіздерден уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды және шаруашылық-ауыз су қажеттіліктеріне тәуліктік су қорын алдын ала дайындап қоюларыңызды сұраймыз, – делінген аталған ақпаратта.