Бас қалада қызғалдақтар гүлдеді
Компания 2020 жылдан бастап әсемдік үшін көпжылдық гүлдерге баса мән берілетінін айтты. Олар қаланың климаттық жағдайларына төзімді болмақ. Көктемде сондай-ақ жасыл желектер (ағаштар, көшеттер және т.б.) отырғызыла бастады. Биыл тағы да 1 млн-ға жуық жасыл желек отырғызу жоспарланып отыр, оның ішінде қаланың жасыл белдеуі мен елді мекендері де бар.
-->2020 жылдың күзінде біз 132 мың қызғалдақ түйінін отырғыздық. 2021 жылдың мамыр айында олар гүлдеп, қаламыз құлпырып, айтарлықтай түрленді. Қызғалдақтар қала тұрғындарының көңілінен шықты. Өткен күзде тағы 224 мың қызғалдақ түйіні отырғызылды. Енді біз қызғалдақ гүлінің қалай гүлдегенін көріп отырмыз. Олардың түйіні 2020 жылы да, 2021 жылы да отырғызылды. Қызғалдақ гүлі Бәйтерек монументінің жанында, дөңгелек алаңда, Ботаникалық бақта, оң жағалауда (Абай-Сарыарқа, Республика-Бөгенбай, Жеңіс-Есенберлин, Кенесары-Уәлиханов, Момышұлы даңғылы), Орталық алаңда, Б.Момышұлы ескерткішінің жанында, гүлзарлардың жанында және т.б. орындарда гүлдеп тұр. Барлық ауданда қызыл, сары, ақ қызғалдақ гүлін көруге болады, - деп атап өтті «Астана Зеленстрой» ЖШС.