Елорда жаңалықтары

Реанимацияда орын жоқ: астаналық дәрігерлер ковидтік стационардағы жағдайды көрсетті

Әкімдік мәліметінше, күн сайын коронавирустың 1300-ден астам жағдайы тіркеледі. Дельта штаммы жылдам жұғып, адам ағзасына ауыр әсер етеді. Бір жарым жылдан астам уақыт бойы COVID-19-бен күресіп келе жатқан астаналық дәрігерлер ауруханадағы жағдайды көрсетті. Кадрлардың бірінде әрең демалып жатқан ер адамның кеудесі көрсетілген. Пациенттің өздігінен дем ала алмай, арнайы аппаратқа қосылғанын көруге болады. Зейнеткер Мәдина Сыздықова жұбайымен бірге босаңсып, қауіпті вирусты ұмытып кеткенін мойындады. «Жұбайым екеуміз қауіпсіздік шараларын сақтап жүргенде бәрі жақсы болатын. Құрметті азаматтар! Мен сіздерді ковидпен ауырған адам ретінде бұл ауруға жүрдім-бардым қарауға болмайтынын ескертемін. Вирустық инфекция өте қауіпті. Қорқатындай-ақ қауіпті! Енді жұбайым екеуіміз ем алып, осы ауруханада жатырмыз», - деді 68 жастағы Мәдина Сыздықова. Инфекциялық стационарға қайта бейімделген көпбейінді қалалық балалар ауруханасының инфекционист дәрігері Айнұр Омарова тұрғындарға үндеу жолдап, коронавирустың қауіптілігін еске салды. «Жағдайдың ауыр екенін алдыңғы шепте күресіп жүрген бізден естігендеріңізді қалаймын. Ауыр науқастар көп. Реанимациялық төсектің біреуі де бос емес. Індет жұқтырған балалар көп. Өз денсаулығыңды, өзгелердің денсаулығын қорғаудың жолы - санитарлық нормаларды сақтау және вакцинация. Вакцинация ғана аурудың ауыр күйінен және ИВЛ аппаратынан қорғайды. Вакцинация сізді де, айналаңыздағы жандарды да сақтайды», - дейді дәрігер.

-->