185 мың елордалық әлеуметтік қолдауға ие болды
Бұл туралы Астана қаласының коммуникациялар қызметінде өткен азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы брифингте қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Илья Скуб мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының негізгі міндеттерінің бірі – елорда тұрғындарын, оның ішінде мүгедектерді, зейнеткерлерді, Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлерін, көпбалалы отбасыларды және аз қамтылған азаматтарды әлеуметтік қорғау.
Биыл 185 мың адам әлеуметтік қолдаумен қамтылды. Оның ішінде 121 362 – зейнеткерлер, олардың 8 – Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері, 33 мың – мүгедектігі бар адамдар, оның 8 мыңы мүгедектігі бар балалар, 27 мыңнан астам көпбалалы отбасылар, 5 738 – «Алтын алқа», «Күміс алқа» иелері, көпбалалы аналар, 13 мың – аз қамтылған азаматтар.
Басқарма басшысының айтуынша, газды қосу және жеткізу бойынша шығындарды өтеуге төлемдер 90 АЕК (286 200 теңге) 130 АЕК (448 500 теңге), табиғи апат немесе өрт салдарынан зардап шеккен азаматтарға өтемақы ұлғайтылған. Тұрғын үй жоғалған, бүлінген немесе айтарлықтай бүлінген жағдайда отбасына 65 АЕК-тен (206 700 теңге) 400 АЕК (1 380 000 теңге), қайтыс болған адамға (отбасы мүшелері қайтыс болған жағдайда) 15 АЕК-тен (47 700 теңге) 150 АЕК (517 500 теңгеге) дейін, атаулы әлеуметтік көмек төлеу мөлшері 90 мың теңгеден 140 мың теңгеге дейін өсті.
Көпбалалы отбасыларды санаты қосымша енгізіліп, қатты отынды сатып алу үшін төлем мөлшері 8 АЕК-тен (25 440 теңге) 16 АЕК-ке (50 880 теңге) ұлғайтылды. Әлеуметтік маңызы бар аурумен ауыратын балаларға төленетін төлемдердің мөлшері мен кезеңділігі 5 АЕК-тен (15 900 теңге) 25 АЕК-ке (79 500 теңге) дейін ұлғайтылды.
Биыл әлеуметтік көмектің мөлшері басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан ардагерлерге, Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша теңестірілген ардагерлерге және 1986 жылы 17-18 Қазақстанда Желтоқсан оқиғасына қатысушылар қатарынан саяси қуғын-сүргін құрбандарына коммуналдық төлемдер бойынша көмек мөлшері 2,4 АЕК-тен (8 280 теңге) 4,5 АЕК-ке (15 525 теңге) дейін ұлғайтылды. Ауғанстаннан әскерлер шығарылған және Чернобыль АЭС-індегі апаттан зардап шеккендер күні төленетін төлем мөлшері 35 АЕК-тен (120 750 теңге) 45 АЕК-ке (155 250 теңге) ұлғайтылды.
-->Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының негізгі міндеттерінің бірі – елорда тұрғындарын, оның ішінде мүгедектерді, зейнеткерлерді, Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлерін, көпбалалы отбасыларды және аз қамтылған азаматтарды әлеуметтік қорғау.
Биыл 185 мың адам әлеуметтік қолдаумен қамтылды. Оның ішінде 121 362 – зейнеткерлер, олардың 8 – Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері, 33 мың – мүгедектігі бар адамдар, оның 8 мыңы мүгедектігі бар балалар, 27 мыңнан астам көпбалалы отбасылар, 5 738 – «Алтын алқа», «Күміс алқа» иелері, көпбалалы аналар, 13 мың – аз қамтылған азаматтар.
Әлеуметтік қолдау шараларын жетілдіру және мұқтаж азаматтарды көбірек қамту мақсатында өткен жылы төлемдердің мөлшерін ұлғайту және қызмет алушылардың санаттарын кеңейту бойынша 13 қосымша шара енгізілді, - дейді И.Скуб.