Елорда жаңалықтары

Елордада тәртіп бұзған сауда үйлері Ashyq жүйесінен шығарылады

Әкімдік мәліметінше, сауда ойын-сауық орталықтары (СОО) және сауда үйі (СҮ) қалада толық локдаун енгізбес үшін Ashyq жобасы аясында жұмыс істеуге дайын. Эпидемиологиялық ахуал жағдайындағы бизнес субъектілерінің жұмысы Нұр-Сұлтан кәсіпкерлер палатасының, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің, елорда әкімдігі басшылығының, сондай-ақ СОО әрі т.б. өкілдерінің қатысуымен zoom-конференциясында талқыланды. Қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры Алмат Жүнісов бұған дейін «Атамакен» ҚР ҰКП Ashyq қосымшасын барлық жерге енгізу секілді бизнес жұмысының бірнеше нұсқасын үкіметке ұсынғанын атап өтті. Қазір СОО мен СҮ аталмыш жобаға өз еркімен қатысады. Өз кезегінде СОО және СҮ иелері Ashyq аясында жұмыс алгоритмін қамтамасыз етуге қызығушылық танытады.

«Біз СОО әрі СҮ коронавирустың таралу қаупі жоғары әрі адам көп жиналатын орын екенін білеміз. Осы себепті сауда ғимараттарының қауіпсіз жұмыс істеуі үшін, сол сияқты қаланың тыныс-тіршілігін сақтау үшін осы қызмет түрін жобаға қосу қажет деп санаймыз», - деді Жүнісов.

Ол сондай-ақ СОО мен СҮ иелеріне қосымшаны тиісті деңгейде пайдаланбағаны, келушіні тіркемегені үшін жобадан екі апта мерзімге, қайталанған жағдайда екі айға шығарылатынын ескертті. Ashyq жобасынан шығару нысанның жұмыс уақытын едәуір қысқартады. Өз кезегінде, санитарлық-эпидемиологиялық тексеру департаменті директорының орынбасары Айгүл Шағалтаева елордада соңғы аптада коронавирусты күн сайын 1 200-1 500 адам жұқтыратынын жеткізді. Соңғы аптада 9 934 COVID-19 оқиғасы тіркелді. Бұл алдыңғы аптадан 37,5%-ға жоғары. Ол КВИ таралатын негізгі орындар адам көп жиналатын жерлер, әсіресе СОО екенін айтып өтті. «Ashyq қосымшасының арқасында күніне 200-ге жуық адам үй карантинін бұзатыны анықталады. ПТР тесті оң нәтиже көрсеткенін біле отырып, адам көп жиналатын жерге баруын тоқтатпай отыр. Бұл жұқтыру қаупі өте жоғары екенін білдіреді. Қазір карантин шараларын қатаңдату мәселесі қаралуда. Біз ШОБ субъектілерінің жұмыс кестесі және режиміне қосымша өзгерістер енгізуді ұсынып отырмыз. Бәрін санитарлық нормаларды қатаң сақтауға шақырамын», – деді Айгүл Шағалтаева. Кездесуге қатысқан кәсіпкерлер Ashyq жобасы шеңберіндегі жұмыс алгоритмін сақтауға, СОО әрі т.б. барлық кіру/шығу тұстарында келушілерді бақылауды қамтамасыз етуге дайын екенін жеткізді.

-->