Елорда жаңалықтары

Биыл Нұр-Сұлтанда өрттен 7 адам қаза тапты

-->
«Бүгінгі таңда қалалық гарнизон 3 037 рет көмекке шықты. Бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 27 пайызға көп. Оның ішінде: өртке 447 рет, шағын жануға 1 453 рет, апаттық-құтқару жұмыстарына 852 рет шықты. Жалпы, 2021 жылы өрттен 7 адам қаза тапты. Оның екеуі - бала. 11 адам жарақаттанды, 361 адам құтқарылды және эвакуацияланды. Өрттерден келген материалдық залал 139 млн теңгені құрады», - деді Базарбаев «Елордадағы өрт қауіпсіздігі жағдайы» атты онлайн брифингте.