Биыл елімізде жұмыртқа өндірісі субсидияланады
Ауыл шаруашылығы министрлігі 2020 жылы жұмыртқа өндірісін субсидиялауды жалғастырады, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі ведомствоға сілтеме жасап. Дағдарыс жағдайына байланысты жұмыртқа өндірушілерді қолдау туралы шешім қабылданды. «Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту» мемлекеттік бағдарламасында 2020 жылдан бастап жұмыртқаларға тауарлық субсидияларды алып тастау қарастырылған. Субсидияны алып тастау туралы норма 2017 жылы мемлекеттік бағдарлама қабылданған сәтте құс фабрикалары басшылары мен құс өндірушілердің салалық қауымдастығымен келісілген болатын. Алайда COVID 19 вирусының таралуынан туындаған дағдарысқа байланысты 2020 жылы жұмыртқаның өзіндік құны күрт өсті. Осыған орай, Ауыл шаруашылығы министрлігі жұмыртқа өндірушілерді қолдауды және өнімнің бірлігіне субсидиялау нормасын 3-тен 1,5 теңгеге дейін төмендете отырып, «жұмыртқа өндіруді субсидиялау» бағытын сақтауды ұсынды. «Құс өсірушілерді қолдау әрі сәйкесінше жұмыртқаның өзіндік құнын төмендетуге Үкімет 5 млрд теңге бөлуді жоспарлап отыр»,- делінген хабарламада. Үкімет жұмыртқа өндірушілерге «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы арқылы айналым қаражатын толықтыру үшін жеңілдетілген қаржы алу мүмкіндігін де берді. Бұл құс фабрикалары қиын кезеңде өзін жеммен қамтамасыз ете алуы үшін жасалды. Бұған қоса ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне асыл тұқымды құс сатып алуға субсидия түрінде және экспорттық өнімді тасымалдау шығындарына қосымша қолдау көрсетіледі. Қазақстанда жұмыртқа өндіретін 31 құс фабрикасы бар. Болжам бойынша, олар жылына 5,5 млрд жұмыртқа өндіреді. Отандық өндіріс қазақстандық нарықтың 100%-дан астам қажеттілігін қамтамасыз етеді. Демек, құс фабрикаларының артық өнімді шетелге сату мүмкіндігі бар. 2019 жылы республиканың құс фабрикалары 527 млн дана жұмыртқаны экспорттады. 2020 жылғы қаңтар-ақпан айларында экспорт көлемі 1542 тоннаны (30,8 млн дана) құрады.
-->Ауыл шаруашылығы министрлігі 2020 жылы жұмыртқа өндірісін субсидиялауды жалғастырады, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі ведомствоға сілтеме жасап. Дағдарыс жағдайына байланысты жұмыртқа өндірушілерді қолдау туралы шешім қабылданды. «Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту» мемлекеттік бағдарламасында 2020 жылдан бастап жұмыртқаларға тауарлық субсидияларды алып тастау қарастырылған. Субсидияны алып тастау туралы норма 2017 жылы мемлекеттік бағдарлама қабылданған сәтте құс фабрикалары басшылары мен құс өндірушілердің салалық қауымдастығымен келісілген болатын. Алайда COVID 19 вирусының таралуынан туындаған дағдарысқа байланысты 2020 жылы жұмыртқаның өзіндік құны күрт өсті. Осыған орай, Ауыл шаруашылығы министрлігі жұмыртқа өндірушілерді қолдауды және өнімнің бірлігіне субсидиялау нормасын 3-тен 1,5 теңгеге дейін төмендете отырып, «жұмыртқа өндіруді субсидиялау» бағытын сақтауды ұсынды. «Құс өсірушілерді қолдау әрі сәйкесінше жұмыртқаның өзіндік құнын төмендетуге Үкімет 5 млрд теңге бөлуді жоспарлап отыр»,- делінген хабарламада. Үкімет жұмыртқа өндірушілерге «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы арқылы айналым қаражатын толықтыру үшін жеңілдетілген қаржы алу мүмкіндігін де берді. Бұл құс фабрикалары қиын кезеңде өзін жеммен қамтамасыз ете алуы үшін жасалды. Бұған қоса ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне асыл тұқымды құс сатып алуға субсидия түрінде және экспорттық өнімді тасымалдау шығындарына қосымша қолдау көрсетіледі. Қазақстанда жұмыртқа өндіретін 31 құс фабрикасы бар. Болжам бойынша, олар жылына 5,5 млрд жұмыртқа өндіреді. Отандық өндіріс қазақстандық нарықтың 100%-дан астам қажеттілігін қамтамасыз етеді. Демек, құс фабрикаларының артық өнімді шетелге сату мүмкіндігі бар. 2019 жылы республиканың құс фабрикалары 527 млн дана жұмыртқаны экспорттады. 2020 жылғы қаңтар-ақпан айларында экспорт көлемі 1542 тоннаны (30,8 млн дана) құрады.