Нұр-Сұлтанда 7 мекеме жұмыс режимін бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды
Есіл ауданында "Chechil Pub" бары, "Alanya" караоке-мейрамханасы, "The-ДЫМ" лаундж-бары жұмыс режимін бұзды. Сондай-ақ, соңғысы кальян шегу қызметін көрсеткен. Сонымен қатар, бақылау тобы есігін жауып жұмыс істеген "Inforno" мейрамханасына кіре алмады. Сондай-ақ белгіленген уақыттан кейін Алматы ауданында орналасқан "Баня на дровах" саунасы мен "Потолок" интернет кафесі жұмыс істеген. Сарыарқа ауданында "Спорт сити" фитнес клубы мен "Стамбул" кафесі де осындай бұзушылықтарға жол берді. Карантин тәртібін бұзғандарға қатысты жиналған материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына тапсырылды. Естеріңізге сала кетейік, елордадағы эпидемиологиялық жағдай әлі тұрақсыз, күн сайын мыңнан астам адамнан коронавирус инфекциясы анықталуда. Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтары, сондай-ақ кәсіпкерлік нысандары санитарлық нормалар мен карантиндік шектеулерді қатаң сақтауы тиіс.
-->Есіл ауданында "Chechil Pub" бары, "Alanya" караоке-мейрамханасы, "The-ДЫМ" лаундж-бары жұмыс режимін бұзды. Сондай-ақ, соңғысы кальян шегу қызметін көрсеткен. Сонымен қатар, бақылау тобы есігін жауып жұмыс істеген "Inforno" мейрамханасына кіре алмады. Сондай-ақ белгіленген уақыттан кейін Алматы ауданында орналасқан "Баня на дровах" саунасы мен "Потолок" интернет кафесі жұмыс істеген. Сарыарқа ауданында "Спорт сити" фитнес клубы мен "Стамбул" кафесі де осындай бұзушылықтарға жол берді. Карантин тәртібін бұзғандарға қатысты жиналған материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына тапсырылды. Естеріңізге сала кетейік, елордадағы эпидемиологиялық жағдай әлі тұрақсыз, күн сайын мыңнан астам адамнан коронавирус инфекциясы анықталуда. Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтары, сондай-ақ кәсіпкерлік нысандары санитарлық нормалар мен карантиндік шектеулерді қатаң сақтауы тиіс.