Елордада рұқсат етілмеген полигондар жойылып жатыр
Елорда әкімдігінің Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы хабарлағандай тәртіп бұзушылар қыста қардың астына жасырып құрылыс қоқыстарын шығарады. Сонымен, тағы 12 учаске жойылып, 2 мың тоннаға жуық қоқыс шығарылды. 2021 жылы 330-дан астам рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісі жойылып, 60 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды, ал 2020 жылы 220-дан астам учаске жойылған болатын.
Рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері пайда болмас үшін өткен жылдың маусым айынан бастап экологиялық талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік айыппұл мөлшері 5 есе өсті: жеке тұлғалар үшін 10 АЕК-тен 50 АЕК-ке дейін, шағын кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар үшін 20 АЕК-тен 100 АЕК-ке дейін, орта кәсіпкерлік субъектілері үшін 30 АЕК-тен 100%-ға дейін, ал ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін 200%-ға дйін.
2022 жылдың басынан бері 659 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 7 млн 400 мың теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.
Аудандық әкімдіктер, Экология департаменті, Табиғатты қорғау полициясы, «Ikomek 109» қызметі «Сергек» қалалық бейнебақылау камералары арқылы санкцияланбаған қоқыс үйінділерінің пайда болуына жол бермеу, тәртіп бұзғандарды жауапкершілікке тарту үшін күшейтілген жұмыс жүргізіп жатыр.
-->Елорда әкімдігінің Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы хабарлағандай тәртіп бұзушылар қыста қардың астына жасырып құрылыс қоқыстарын шығарады. Сонымен, тағы 12 учаске жойылып, 2 мың тоннаға жуық қоқыс шығарылды. 2021 жылы 330-дан астам рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісі жойылып, 60 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды, ал 2020 жылы 220-дан астам учаске жойылған болатын.