Журналист-публицист Төлен Тілеубайдың жаңа кітабы жарық көрді
Бас редакторлар клубы мен Elorda Aqparat қолдауымен ұйымдастырған тұсаукесерді бас редакторлар клубы президенті, Парламент Сенаты төрағасының кеңесшісі Бибігүл Жексенбай құттықтау сөзімен ашты.
Кітап тұсауын кесуге Парламент депутаттары Нұртөре Жүсіп, Жанарбек Әшімжан, белгілі журналист Сәуле Мешітбайқызы, Astana aqshamy газетінің бас редакторы Еркін Қыдыр, журналистика факультетінің ұстазы, филология ғылымдарының кандидаты Мұратбек Тоқтағазин шақырылды. Іс-шараға еліміздегі БАҚ басшылары, зиялы қауым өкілдері, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері және оқырман қауым қатысты.
Кітаптың жаңашылдығы мен құндылығының бірі – болашақтың медиа моделіне болжам жасалған. Заманауи цифрлық технологиялардың журналистің жеке басына, қызметіне әкелген өзгерістері нақты мысалдармен көрсетілген. Автор алдағы уақытта дәстүрлі журналистика мен цифрлық медианың бірін-бірі қалай толықтыратынын талдайды. Сайып келгенде, цифрлық медианың тілін білетін, мультимедиялық, графикалық технологиямен жұмыс істеу әдістерін меңгерген заманауи кәсіби мамандарға деген сұраныстың артатынын ғылыми тұрғыдан дәйектеген.
-->Бас редакторлар клубы мен Elorda Aqparat қолдауымен ұйымдастырған тұсаукесерді бас редакторлар клубы президенті, Парламент Сенаты төрағасының кеңесшісі Бибігүл Жексенбай құттықтау сөзімен ашты.
Кітап тұсауын кесуге Парламент депутаттары Нұртөре Жүсіп, Жанарбек Әшімжан, белгілі журналист Сәуле Мешітбайқызы, Astana aqshamy газетінің бас редакторы Еркін Қыдыр, журналистика факультетінің ұстазы, филология ғылымдарының кандидаты Мұратбек Тоқтағазин шақырылды. Іс-шараға еліміздегі БАҚ басшылары, зиялы қауым өкілдері, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері және оқырман қауым қатысты.
Бұл еңбекте бүгінгі таңдағы масс-медиа саласындағы құбылыстар мен өзгерістерге талдау жасалып, заманауи цифрлық технологиялардың ақпараттық коммуникацияларға әкелген өзгерістері жан-жақты зерттелген. Шартты түрде «классикалық» деп аталатын журналистика мен заманауи цифрлық медианың арасындағы айырмашылық, байланыс, бәсеке – бір-бірін толықтыру сипатында айқындалған. Цифрлық технологиялар ақпарат кеңістігіне жедел бойлап келе жатқан кезеңдегі медианың дамуының бағыт-бағдары, негізгі үрдістері зерттелген, - дейді кітаптың алғысөзін жазған М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің профессоры, Қазақстан ЖМ ҰҒА академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Зарқын Тайшыбай.
Кітаптың жаңашылдығы мен құндылығының бірі – болашақтың медиа моделіне болжам жасалған. Заманауи цифрлық технологиялардың журналистің жеке басына, қызметіне әкелген өзгерістері нақты мысалдармен көрсетілген. Автор алдағы уақытта дәстүрлі журналистика мен цифрлық медианың бірін-бірі қалай толықтыратынын талдайды. Сайып келгенде, цифрлық медианың тілін білетін, мультимедиялық, графикалық технологиямен жұмыс істеу әдістерін меңгерген заманауи кәсіби мамандарға деген сұраныстың артатынын ғылыми тұрғыдан дәйектеген.
Зерттеу барысында қазір онлайн-газеттер мен цифрлық медиа құралдарының ақпарат таратуда, оқырман қажеттіліктерін қанағаттандыруда баспа БАҚ-тың алдына түсіп, жаңаша парадигма қалыптастырғанын анықтадық. Демек, баспа БАҚ өзінің форматын, мазмұнын, сапасын өзгертуі қажет, - дейді автор Т. Тілеубай.