Елорда жаңалықтары

Алтай Көлгінов: Елорданың жаяу жүргіншілерге ыңғайлы болуы — басты назарда

Әкімнің айтуынша, бұдан бөлек, осыған дейін салынған қаланың өзге де саябақтарына күтім жасап, ары қарай абаттандыру жұмысымен айналысу қажет. 

Биыл «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» мастер-жоспары аясында тағы 200-ден аса аула мен қоғамдық кеңістікті (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар) абаттандыру жоспарлануда. Осыған дейін 500-ден астам аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылған болатын.

-->

Осы мақсатта абаттандырылған қоғамдық кеңістіктер санын жыл өткен сайын еселеп арттырамыз. Бұл демалуға, серуендеуге және спортпен шұғылдануға мүмкіндік береді. Бүгін қаланы аралау барысында абаттандырылатын және ары қарай дамытатын орындарға бардым. Абаттандыру жұмысы қаланың барлық ауданында, әсіресе елді мекендерде жүріп жатыр. Мәселен Алматы ауданында (Б.Момышұлы мен Төлебаев көшелерінің қиылысы, «Дәулет» теннис орталығының маңайы) осыған дейін қараусыз қалған орынға «Жерұйық-2» саябағы салынады. Бүгін Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Бірлік күні мерекесі қарсаңында қала тұрғындарымен және Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерімен бірге гүлзар орнатып, ағаш отырғыздық. Сондай-ақ биыл жазғы маусымда осы жерде волейбол және баскетбол алаңдарын, жүгіру жолын, ворк-аут аймағын, серуендеу инфрақұрылымын және демалыс аймағын салуды жоспарлап отырмыз, - деді қала әкімі өзінің Instagram парақшасында.

Әкімнің айтуынша, бұдан бөлек, осыған дейін салынған қаланың өзге де саябақтарына күтім жасап, ары қарай абаттандыру жұмысымен айналысу қажет. 

Өзен жағасындағы саябақта («Қалалық романс» тұрғын үй кешенінің жаны) бұрын балалар мен ересектерге арналған бірнеше аймақ абаттандырылды: бұл жерде 2 қабатты бақылау мұнарасы, «питон» ойын алаңы (арқан құрылымы), шатыры бар төбешіктер, үлкен құмсалғыш, түрлі ойын элементтері және т.б. ашылды. Биыл да аумақты көгалдандыру жұмысын ары қарай жалғастырамыз, сол сияқты алма ағаштары отырғызылды. Олар алғашқы жемісін келесі жылы беруі керек. Бұл парктің ерекшелігі – Триатлон паркі мен көпір асты кеңістігін өзара жалғайды. Осылайша қала тұрғындары бос уақытын денсаулығына пайдалы күйде өткізе алатын шағын аудан құрылады. Осыған дейін Көктал елді мекенінде аумағы 16 гектар болатын саябақ ашылған. Қоғамдық кеңістік 3 үлкен аймаққа бөлінген: тыныш демалыс аймағы – ол жерде амфитеатр орнатылған, яғни ашық аспан астында кинотеатр ұйымдастыруға болады, ротонда – жас жұбайлар неке қию рәсімін өткізе алады, сол сияқты демалыс және спорт аймағы бар", - деді Алтай Көлгінов.

Биыл «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» мастер-жоспары аясында тағы 200-ден аса аула мен қоғамдық кеңістікті (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар) абаттандыру жоспарлануда. Осыған дейін 500-ден астам аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылған болатын.