Елорда жаңалықтары

Елордалық жастарға волонтерлік құндылықтар тақырыбында тренинг өтті

«Особые праздники» қоғамдық қорының директоры Ботагөз Игенбаеваның айтуынша, мұндай тренингтерге қатысу оқушылар мен студенттерге волонтерлік істердің маңызы мен функциясын білуге көмектеседі.

Оның сөзінше, аталған тренингке 20-дан астам қатысушы жиналды. Жастардың белсенділігі және волонтерлік қызметке деген қызығушылығы жоғары деңгейде.

«Ашық жүрек» волонтерлік клубының басшысы Руслан Поповтың айтуынша, тренингтер жастарды волонтерлік іспен айналысуға дәріптейді.

-->

«Особые праздники» қоғамдық қорының директоры Ботагөз Игенбаеваның айтуынша, мұндай тренингтерге қатысу оқушылар мен студенттерге волонтерлік істердің маңызы мен функциясын білуге көмектеседі.

Әрбір волонтерлік топтың өзіндік міндеті мен бағыты болады. Волонтерлік көмек сұраған кезде еріктілердің өзі немен айналасытынын білмей қалатын кездер болады. Сондықтан біз жастар үшін волонтер болудың құндылықтарын білсін деген мақсатпен осындай тренингтерді өткізіп тұрамыз, – дейді Б. Игенбаева.

Оның сөзінше, аталған тренингке 20-дан астам қатысушы жиналды. Жастардың белсенділігі және волонтерлік қызметке деген қызығушылығы жоғары деңгейде.

Бүгінгі іс-шараға оқушылар мен студенттер, волонтерлер, сондай-ақ үкіметтік емес ұйым мүшелері қатысып отыр. Ай сайын осындай шеберлік сағаттарын ұйымдастырамыз. Осы бағытта біздің серіктестеріміз мені тренер ретінде шақырады. Айта кетерлігі, біздің қатысушыларымыз мәдениетті және тәрбиелі. Сонымен қатар тренингтер арқылы оларды жан-жақты дамытамыз, – деді ол.

«Ашық жүрек» волонтерлік клубының басшысы Руслан Поповтың айтуынша, тренингтер жастарды волонтерлік іспен айналысуға дәріптейді.

Біз өткен жылдың қараша айында ашылдық. Қарттар үйінде іс-шаралар өткіздік. «Особые праздники» қоғамдық қорымен бірлесіп, көптеген қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастырамыз. Біздің мақсат - ауыр дертке шалдыққан азаматтарға қолұшын созып, көмекке мұқтаж жандарға жәрдемдесу. Бүгінгі ұйымдастырылып отырған тренинг жастардың волонтерлік іспен шұғылдануына және жетік меңгеруіне септігін тигізеді, - деді Р. Попов.