Елорда жаңалықтары

Аптап ыстықтан қалай қорғануға болады – дәрігер кеңесі

Жоғары температура әсіресе балалар, қарттар мен жүрек-тамыр аурулары бар адамдар үшін қауіпті. Осыған байланысты дәрігерлер осы кезеңде тұрғындарды өз денсаулығына мұқият болуға және бірнеше ережені сақтауға шақырады, дейді әкімдік. «Мұндай ауа-райында таңертең жұмысқа шығар алдында душ қабылдау керек. Суы салқындау, алайда қолайлы температурада болуы қажет. Осылайша, адам ағзасы біршама салқындайды», - деп кеңес берді №10 қалалық емхананың жалпы практика дәрігері Наргиз Абдурайымова. Оның айтуынша, ауа райына сәйкес киіну керек. Тар немесе тырысып тұратын киімдерді таңдамаған абзал, ең дұрысы ақшыл түсті, жеңіл, кең тұратын әрі ауа өткізетін матадан тігілген киімдер киген жөн. Сондай-ақ дәрігердің ұсынысы бойынша серуендеу үшін таңертеңгі 10-ға дейінгі және күндізгі 17:00-ден кейінгі қауіпсіз уақытты таңдаған абзал. Күннің қатты ыситын кезеңі - сағат 11:00-17:00 аралығы. Егер осы кезеңде көшеге шығу қажет болса, онда жолдың көлеңке жағымен жүрген дұрыс. Ашық жерде екі сағаттан артық жүрер болса адам басынан күн өтіп кетуі мүмкін. «Мұндай кезде адамда жүрек айну, бас айналу мен жүрек соғуының жиілеуі мүмкін. Терісінің түсі бозарса, бұл – жылу соққысының, ал қызарса – күн өтіп кеткеннің белгісі. Егер мұндай белгілер пайда болса, көлеңке жерге немесе ғимарат ішіне кіріп демалып, мүмкіндігінше көп су ішу керек», - деп түсіндірді ол. Маманның кеңесінше, сусын таңдағанда қарапайым су немесе жеміс сусыны әрі компот ішкен абзал. Ал шай ішетін болсаңыз, оны бөлме температурасына дейін салқындатқан дұрыс. «Аптап ыстықта тамақты көп ішпеген абзал. Бірақ аш жүрмеу керек, ең дұрысы әр екі-үш сағат сайын жақсы тамақтану қажет. Тамақ ыстық емес және жеңіл болуы керек. Ет пен балықтың майсыз түрі, салқындатылған сорпа, көкөніс әрі жеміс жеуге болады. Қуырылған тағамдар және алкогольден аулақ болып, сондай-ақ қою шай, кофе, әсіресе газдалған тәтті сусындарды қолданбаған абзал», - дейді Наргиз Русланқызы. Қорытындылай келе, дәрігер бөлмені жиі желдетіп, күн қатты ысыған кезде терезелерді қалың матамен жауып қоюды кеңес етті.

-->