Елорда жаңалықтары

Елордада жастарға 500-ге жуық жұмыс орнын ұсынған жәрмеңке өтті

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы  Қайрат Қамбаровтың айтуынша, іс-шараның мақсаты – жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыру.

Оның сөзінше, бұл мәселені шешу мақсатында Жұмыспен қамту басқармасы Жұмыспен қамту орталығымен бірлесе отырып, бүгін бос орындар жәрмеңкесін ұйымдастырып отыр.

Іс-шараға келген студенттер мен түлектер өздеріне қажетті қызметтерді таңдап, жұмыс берушілерге түйіндемелерін ұсынып жатыр.

Ал аталған оқу орнында магистратурада білім алып жүрген Ажар болса, бос орындар жәрмеңкесін өткізу жұмыс табуға таптырмас мүмкіндік дейді.

Нұр-Сұлтан қалалық ПД Есіл аудандық Полиция басқармасының кадр саясаты бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Сандуғаш Увалиеваның сөзінше, ішкі істер органдарында қызмет еткісі келетіндер бар.

Айта кетейік, мұндай іс-шараларға қатысу өзінің мансаптық жолын бастаған жас буын үшін маңызды, өйткені ол қызметтің ең қызықты салаларын және қызметкер ретінде өзінің «құнын» анықтауға көмектеседі. Бос орындар жәрмеңкесінде халықты жұмыспен қамту мәселелері «Бастау Бизнес» бағдарламасы, мемлекеттік гранттар бойынша халыққа кеңес беру ұйымдастырылады.

-->

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы  Қайрат Қамбаровтың айтуынша, іс-шараның мақсаты – жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыру.

Жастарға ең бірінші кезекте баспана мен жұмыс қажет. Статистикалық мәліметтерге жүгінетін болсақ, қаламызда 224 мыңға жуық жас бар. Соның 7%-ы (15 636) NEET санатындағы жастар. Енді оның бәрін бір уақытта толық жұмысқа орналастырып жіберу қиын, – деді Қ. Қамбаров.

Оның сөзінше, бұл мәселені шешу мақсатында Жұмыспен қамту басқармасы Жұмыспен қамту орталығымен бірлесе отырып, бүгін бос орындар жәрмеңкесін ұйымдастырып отыр.

Бүгінгі шараны ұйымдастыруға атсалысып отырған Еуразия ұлттық университетінің басшылығына алғысымызды айтамыз. Шараға 100-ге жуық жұмыс беруші,  1000-ға жуық студент пен түлектер қатысып отыр. Ал бос вакансия саны 500-ге жуық, - деді ол.

Іс-шараға келген студенттер мен түлектер өздеріне қажетті қызметтерді таңдап, жұмыс берушілерге түйіндемелерін ұсынып жатыр.

Менің мамандығым – қытай тілі. Еуразия ұлттық университетінен шетел филологиясында оқып жатырмын. Қазір жұмыс іздеп жүрмін. Биыл оқу бітіремін.  Осындай бос орындар жәрмеңкесін өткізу дұрыс деп ойлаймын. Жұмыс табуға ыңғайлы, - деді Дина Мұрат.

Ал аталған оқу орнында магистратурада білім алып жүрген Ажар болса, бос орындар жәрмеңкесін өткізу жұмыс табуға таптырмас мүмкіндік дейді.

Ағылшын тілі бойынша мұғалім болғым келеді. Мұндай шаралар бітіруші түлектер үшін өте жақсы мүмкіндік деп ойлаймын. Өйткені көбі қайда жұмысқа тұрарын білмейді. Бұл жерде барлық мекемелерден жұмыс берушілер келіп отыр. Сол себептен жұмысқа тұру мүмкіндігі өте жоғары деп ойлаймын, - дейді Ажар есімді түлек.

Нұр-Сұлтан қалалық ПД Есіл аудандық Полиция басқармасының кадр саясаты бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Сандуғаш Увалиеваның сөзінше, ішкі істер органдарында қызмет еткісі келетіндер бар.

Бізге тергеушілер, анықтаушылар, жедел уәкіл, учаскелік полиция инспекторлары қажет. Студенттер мен түлектерді осы қызметтерге шақырып жатырмыз. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша әр ауданға осындай мамандықтардан 30 маман қажет. Жалпы саны 120 қызметкер керек. Ішкі істер органдарында қызмет еткісі келетін қызығушылығы бар азаматтар бар екен. Көбіне заңгерлер мен педагог-психологтар қызығушылық танытуда, – деді С. Увалиева.                                            