Байсейітова мен Иманов көшелеріндегі көпір жартылай жабылады
Әкімдік мәліметінше, 3 және 4 шілде күндері жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Иманов көшесіндегі көпір, яғни Қ.Мұңайтпасов көшесінен А.Янушкевич көшесіне дейінгі аралық жартылай жабылады. Атап айтқанда, жол төсемінің беткі қабатын төсеу жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар биыл 3-9 шілде аралығында Күләш Байсейітова көшесінде Конституция көшесінен Қарасай батыр көшесіне дейінгі бөлігі ішінара жабылады. «Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз», - делінген көлік басқармасының хабарламасында.
-->Әкімдік мәліметінше, 3 және 4 шілде күндері жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Иманов көшесіндегі көпір, яғни Қ.Мұңайтпасов көшесінен А.Янушкевич көшесіне дейінгі аралық жартылай жабылады. Атап айтқанда, жол төсемінің беткі қабатын төсеу жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар биыл 3-9 шілде аралығында Күләш Байсейітова көшесінде Конституция көшесінен Қарасай батыр көшесіне дейінгі бөлігі ішінара жабылады. «Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз», - делінген көлік басқармасының хабарламасында.