Елорда жаңалықтары

Елордалықтардың 70%-ға жуығы КВИ-ға қарсы толық екпе алды

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Нұр-Сұлтандағы 711 мың қала тұрғыны бар контингенттің 496 мыңнан астамы екі компонентпен вакцинацияланған.

Жаппай вакцинация басталғаннан бері қала бойынша адамдардың көпшілігі "Спутник-V" препаратымен егілді – 344 мыңнан астам адам. Pfizer вакцинациясын алғандар арасында 18 жасқа дейінгі 11 мыңнан астам оқушы көш бастап тұр. Одан кейін бала емізетін аналар – 7 мың әйел белсенділік танытты.

Сондай-ақ, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы ДДСҰ мақұлдаған вакциналарды ала алатындардың тізімін кеңейту арқасында вакцинацияланғысы келетіндер саны әлдеқайда көп болғанын атап өтті.

Ведомствода ковидтік стационарлардағы жағдай туралы ақпарат берілді. Бүгінгі күні қала бойынша 23 науқас ауырлығы орташа КВИ-мен емделуде. Бұл негізінен басқа қатар жүретін аурулары бар адамдар. Сондай-ақ, коронавируспен ауыратын амбулаториялық науқастар саны азайды – қала бойынша барлығы 5 пациент.

Басқармада сырқаттанушылықты төмендету бойынша оң деректер азаматтардың вакцинацияның толық курсынан өтуімен тікелей байланысты екенін, соның арқасында ұжымдық иммунитет қалыптасқанын атап өтті.

-->