Елорда жаңалықтары

18 жастағы астаналықтар референдумда алғаш рет дауыс берді

Астанада 18 жасқа толған 26 мыңнан астам жас алғаш рет республикалық референдумға қатысып, дауыс берді, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордадағы ЖОО-лардың бірінің студенті бүгін осындай маңызды іс-шараға алғаш рет қатысып қана қоймай, өзінің 18 жасқа толған күнін атап өтіп отыр.

Бүгінде Астана учаскелерінде өзінің азаматтық ұстанымын білдіруге келген жастардың саны айтарлықтай көп.

Астанада сайлау учаскелері таңғы уақыттан бастап жұмыс істей бастады. Барлық учаскеде елорда тұрғындарының белсенділігі байқалады.

Елордада таңертеңгі сағат 07.00-ден бастап 460 учаске жұмыс істейді, оның 352-сі – ашық, 34-і – жабық, 74-і дипломатиялық өкілдіктер мен елшіліктерге бөлінген.

Естеріңізге сала кетейік, Астана тұрғындары өздерінің учаскелерін 4 тәсілмен онлайн біле алады:

- Ресми веб-қызмет: referendum.astana.kz

- Telegram-да чат-бот арқылы: referendum_astana_bot

- іKomek бірыңғай байланыс орталығы арқылы, 109 нөмірі бойынша;


- «Smart Astana» мобильді қосымшасында «New» бөлімінде – «Референдум учаскесін іздеу». Қолданбаны App Store немесе Google Play арқылы жүктеп алуға болады.