Елорда жаңалықтары

Жалақыларына көңілдері толмаған дәрігерлерге Біртанов әлеуметтік желіде жауап берді

Жалақыларына көңілдері толмаған дәрігерлерге ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Facebook әлеуметтік желісінде жауап берді, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Менің құрметті әріптестерім, қымбатты Жанар Мұхамеджанова, Тамара Амирбекова, Татьяна Борисовна, Гүлнара Хайрина және Айман Оралбаева. Мен сіздердің хаттарыңызды жаным ауырып оқыдым және сіздердің көңілдеріңіз толмайтынын түсінемін. Сіздер жұмыс істеп жатқан COVID-19 жұқтырғандарға арналған стационардағы жасалған жағдай тек сіздерді ғана емес, мені де толғандырады», – деп жазды министр. Сонымен қатар Елжан Біртанов орталық стационардың бірнеше мәрте тексерістен өткенін, барлық заманауи талапқа сай инфекцияны емдеуге арналған изолятор ретінде саналатынын тілге тиек етті. Жақындары мен балаларын үйге қалдырып, адам өмірін құтқару үшін жанын салып жүрген дәрігерлерге тағы да алғысын білдірген министр Мемлекеттік комиссияның келесі отырысында стационарлардағы жағдайды жақсарту жөніндегі мәселені көтеретінін жеткізген. «Гүлнара, сіз «Мемлекет пен бизнесмендер бөлген қаржының бәрі қайда кетті?» деп сұрадыңыз. Бұл қаржының барлығы қажетті құрал-жабдық, дәрі-дәрмек, коронавирус диагнозын анықтайтын тесттерді сатып алуға, «қауіпті» елдерден біздің азаматтарды елге жеткізуге, медицина қызметкерлерін қолдауға жұмсалып жатыр. Ақ халатты абзал жандардың жағдайына Президент те бей-жай қарап отырған жоқ», – деген Біртанов қауіптілігі жағынан 3 топқа бөлінген медицина қызметкерлеріне алдағы күндерден бастап жоғары тәуекелді 1-топтағыларға 850 мың, екінші топтағыларға 425 мың, үшінші топтағыларға 212,5 мың теңгеден жалақыға қосымша төленіп отыратынын тағы да еске салды. Сондай-ақ ол Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 5 сәуірге қарай наурыз айының сыйақысы төлене бастайтынын айтты. Сонымен қатар министр Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаржысынан ақпан айының өзінде Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының дәрігерлеріне екі еселенген жалақы төленгенін атап өтті. Министр медицина саласындағы әріптестерін осындай қиын кезеңде бір жұдырық болып жұмылып, бірге жұмыс істеуге шақырды.

-->