Елорда жаңалықтары

Елордада түнгі уақытта дезинсекциялық жұмыстар жүреді

Бірінші кезекте биологтар, энтомологтар су айдындарында дернәсілдердің болуын тексереді. Егер олар табылса, масалардың жаппай көбеюін болдырмау үшін роторлы бүріккіштердің көмегімен немесе дезқұрылғысы бар арнайы машиналармен өңделеді. Осыдан кейін өңдеу жұмысы қаланың ішкі кварталдарында жалғасады.

Қалада іс-шаралар түнгі уақытта — сағат 21:00-04.00 аралығында өткізіледі.

Дезинсекциялық жұмыстар үшін құрамында хлорпирифос және малатион әсер етуші заты бар адамдар мен жануарларға қауіптілігі аз препараттар қолданылады. Дегенмен, дезинсекция жұмыстары кезінде сақтық шараларын ұстану керек. Атап айтқанда, өңделген жерлерге бармау және өңдеу кезінде терезелерді жабу қажет.

-->

«Астаналық дезинфекция» ЖШС-мен бірлесіп, осымен үшінші маусымда масаларды жою жұмысын жүргіземіз. Бұл шара оларды азайтуға бағытталған. Дезинсекциялық жұмыстарды жүргізуге 150 адам жұмылдырылады, олар арнайы роторлармен жарақтандырылады. Сондай-ақ, су айдындарында да, қаланың ішкі кварталдық аумақтарында да өңдеу жұмыстарын жүргізетін арнайы техника іске қосылады. Қызметкерлер толығымен нұсқаулықтан және кәсіби даярлықтан өтті. Дезинсекциялық жұмыстар кезінде пайдаланылатын препараттар қолдануға рұқсат етілген тізілімге енгізілген және СЭС-пен келісілген,- дейді Нұр-Сұлтан қаласы Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы басшысының орынбасары Жанар Елуанқызы.