Нұр-Сұлтанда жемқорлыққа қарсы дөңгелек үстел өтті
Нұр-Сұлтан қаласы Ішкі саясат басқармасының бастығы Дәурен Бабамұратов Жолдауда айтылған 10 бағыттың бірі – жергілікті атқарушы биліктің дебюрократизациясына ерекше басымдық берілуінің өзі жемқорлықтың алдын алуға негізделіп отырғанын жеткізді.
«Бәсекелестік саясатты қорғау және дамыту орталығы» АҚ вице-президенті, Қоғамдық кеңес мүшесі Марат Мұстафин ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасында бюджет қаржысын дұрыс бөлмеу және оларды игерудегі айқындылықтың аздығы да – мемлекет қаржысын басқаруда жемқорлық тәуекелін арттыратын факторлардың бірі саналатынын айтты.
Amanat партиясының Нұр-Сұлтан қалалық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңес төрағасы Владимир Савкиннің айтуынша, жемқорлық әсіресе ауыл шаруашылық саласында көптеген жылдар бойына белең алып келеді. Бұл тұрғыда қылмыстық істер өте көп.
Сонымен қатар ол қайтадан жасақталған Қоғамдық кеңестер жұмысына, қаладағы мемлекеттік мекемелерге сыбайлас жемқорлық бойынша мониторинг жүргізу ісіне тоқталды.
Дөңгелек үстел барысында сонымен қатар Кәсіподақ федерациясы Заң клиникасының басшысы Назгүл Азтаева және Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіподақ орталығы жанындағы «Келешек» жастар кеңесінің төрағасы Азамат Менсейітов де тақырып аясында баяндама жасады.
Райхан Рахметова
-->Нұр-Сұлтан қаласы Ішкі саясат басқармасының бастығы Дәурен Бабамұратов Жолдауда айтылған 10 бағыттың бірі – жергілікті атқарушы биліктің дебюрократизациясына ерекше басымдық берілуінің өзі жемқорлықтың алдын алуға негізделіп отырғанын жеткізді.
Мемлекет басшысы айтқандай, жергілікті атқарушы биліктегі бірінші басшылар орынбасарларының санын қысқарту да – «халықтың үніне құлақ асатын мемлекетке» айналудың нышаны. Бірінші және мемлекеттік органдар басшыларының халықпен жаппай кездесулері бұрын тек қабылдау күндерін белгілеу арқылы ұйымдастырылғанда, оған тұрғындар келуі де, келмеуі де мүмкін еді, енді олардың осы кездесулерді өткізуі және тіпті тұрғындардың мекенжайларына дейін барып, мәселесін тыңдауы міндеттелді. Мәселен, қазір елордада 16 тұрғын алап болса, қала әкімі соның бәрінде жиі кездесу өткізеді. Ендігі жерде осы қадамдардың бәрі де жүйелі түрде болады. Бұл жемқорлықпен күресте өте маңызды және дер кезінде қолға алынған қадам деп санаймын, – деді Д.Бабамұратов.
«Бәсекелестік саясатты қорғау және дамыту орталығы» АҚ вице-президенті, Қоғамдық кеңес мүшесі Марат Мұстафин ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасында бюджет қаржысын дұрыс бөлмеу және оларды игерудегі айқындылықтың аздығы да – мемлекет қаржысын басқаруда жемқорлық тәуекелін арттыратын факторлардың бірі саналатынын айтты.
Мемлекет басшысы суперпрезиденттіктен кетіп, күшті Президент, ықпалды Парламент және есеп беретін Үкімет құру арқылы алға қойған міндеттерге жету жолында 10 бағытты ұсынды. Соның ішінде ең басты мәселенің бірі – жемқорлықты жою. Әлеуметтік зерттеулер нәтижесі бойынша осы тұрғыдан алғанда мемлекеттік мекемелердегі жемқорлық жағдайы жыл өткен сайын өзгеріссіз қалып отыр. Олар – ауруханалар, полиция, ХҚО, емханалар, жер қатынастары басқармасы, мемлекеттік балабақшалар, ЖОО және т.б. Сыбайлас жемқорлық қылмысы құрылымында соңғы үш жылда пара беру басым – 50 пайыз үлесін алады, – деп ол жемқорлық көрініс табатын басқа да қызметтердің түрлерін көрсетіп берді.
Amanat партиясының Нұр-Сұлтан қалалық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңес төрағасы Владимир Савкиннің айтуынша, жемқорлық әсіресе ауыл шаруашылық саласында көптеген жылдар бойына белең алып келеді. Бұл тұрғыда қылмыстық істер өте көп.
Аграрлы республика болсақ да жемқорлық еліміздің ауыл шаруашылығы саласын қарқынды дамытуға кедергі келтіруде. Сонымен қатар кеден және квазисекторлық салада да жемқорлық басым. Мемлекеттен бөлінген қаржы тиісті адамдарға жетпейді. Бұл халықтың ызасын тудырып, олардың әкімдіктер мен партия ғимараттарының алдына жиналып, әділеттілік талап етуіне әкеледі, – деп атап өтті ол.