Елорда жаңалықтары

Қала күні қалай тойланады – астана әкімнің жауабы

«Эпидахуалға сәйкес, қала күніне арналған жоспарларға өзгерту енгізілді. Жыл басында көптеген жоспар құрылған болатын. Алайда санитарлық дәрігерлердің талабына байланысты жабық мекемелерде өтетін барлық шара онлайн форматқа ауысты. Көптеген іс-шара болмайтын болды. Ал көшелердегі мерекелік шаралар әлеуметтік арақашықтықтық пен санитарлық талаптар қатаң сақтала отырып, өткізіледі. Есесіне, қала күнін біз әлеуметтік жобаларды жүзеге асыра отырып, өткізсек деп отырмыз. Мысалы, бірқатар тұрғын үй пайдалануға беріледі. Яғни, үлескерлер есебінен салынған 20-ға жуық тұрғын үй пайдалануға берілсе, 400-ге жуық пәтер кезекте тұрғандарға табысталады. Сол сияқты 50-ден аса абаттандырылған аула тұрғындарға жайлылық сыйлайды. Сонымен қатар шеткі аймақтардағы дене шынықтыру кешенінің пайдалануға берілетіні сияқты және басқа да әлеуметтік жобаларды ұсынамыз. Әрине, жұртшылықты мерекелік іс-шаралармен қуантқымыз келген. Дегенмен эпидемиологиялық жағдайға байланысты көптеген шара қысқарды», – деді Көлгінов.

Сондай-ақ әкім елорда күніне байланысты мерекелік отшашу жоспарда жоқ екенін тілге тиек етті.

--> «Эпидахуалға сәйкес, қала күніне арналған жоспарларға өзгерту енгізілді. Жыл басында көптеген жоспар құрылған болатын. Алайда санитарлық дәрігерлердің талабына байланысты жабық мекемелерде өтетін барлық шара онлайн форматқа ауысты. Көптеген іс-шара болмайтын болды. Ал көшелердегі мерекелік шаралар әлеуметтік арақашықтықтық пен санитарлық талаптар қатаң сақтала отырып, өткізіледі. Есесіне, қала күнін біз әлеуметтік жобаларды жүзеге асыра отырып, өткізсек деп отырмыз. Мысалы, бірқатар тұрғын үй пайдалануға беріледі. Яғни, үлескерлер есебінен салынған 20-ға жуық тұрғын үй пайдалануға берілсе, 400-ге жуық пәтер кезекте тұрғандарға табысталады. Сол сияқты 50-ден аса абаттандырылған аула тұрғындарға жайлылық сыйлайды. Сонымен қатар шеткі аймақтардағы дене шынықтыру кешенінің пайдалануға берілетіні сияқты және басқа да әлеуметтік жобаларды ұсынамыз. Әрине, жұртшылықты мерекелік іс-шаралармен қуантқымыз келген. Дегенмен эпидемиологиялық жағдайға байланысты көптеген шара қысқарды», – деді Көлгінов.

Сондай-ақ әкім елорда күніне байланысты мерекелік отшашу жоспарда жоқ екенін тілге тиек етті.