Журналистер арасында өтетін «Аманат» байқауының ережесіне өзгеріс енгізілді
Байқауды өткізу тәртібіне маңызына байланысты тағы бір сала қосылды – бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері коронавирус індетімен күресіп жатқан және оның залалдарын жоюға белсенді қатысқан мамандардың қызметін жария ететін болады. Бұл туралы Елорда Инфо Парламент Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Байқауға журналистер, республикалық және аймақтық телеарналар мен газеттердің, интернет басылымдар мен радиолардың қызметкерлері, блогерлер қатыса алатынын еске саламыз. Бұқаралық ақпарат құралдарында 1 қыркүйек пен 5 мамыр аралығында жарияланған авторлық ұжымдардың, жеке авторлардың материалдары байқауға қатысатын болады. Байқау өткен жылдың 1 қарашасында басталған болатын. Материалдар үстіміздегі жылдың 12 мамырына дейін қабылданады, 20 маусымда қорытындылау жоспарланып отыр. Байқаудың ережелерімен Парламент Сенатының сайтындағы «БАҚ-қа арналған» тарауынан танысуға болады. Материалдарды Press_Senat@mail.ru электрондық поштасына жіберу қажет.
-->Байқауды өткізу тәртібіне маңызына байланысты тағы бір сала қосылды – бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері коронавирус індетімен күресіп жатқан және оның залалдарын жоюға белсенді қатысқан мамандардың қызметін жария ететін болады. Бұл туралы Елорда Инфо Парламент Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Байқауға журналистер, республикалық және аймақтық телеарналар мен газеттердің, интернет басылымдар мен радиолардың қызметкерлері, блогерлер қатыса алатынын еске саламыз. Бұқаралық ақпарат құралдарында 1 қыркүйек пен 5 мамыр аралығында жарияланған авторлық ұжымдардың, жеке авторлардың материалдары байқауға қатысатын болады. Байқау өткен жылдың 1 қарашасында басталған болатын. Материалдар үстіміздегі жылдың 12 мамырына дейін қабылданады, 20 маусымда қорытындылау жоспарланып отыр. Байқаудың ережелерімен Парламент Сенатының сайтындағы «БАҚ-қа арналған» тарауынан танысуға болады. Материалдарды Press_Senat@mail.ru электрондық поштасына жіберу қажет.