Елорда жаңалықтары

«Отбасында зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» акциясы басталды

Оған елорда аумағында мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, жұртшылық пен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері жұмылдырылады. Іс-шаралар кешені аясында елордалық тәртіп сақшылары бүгін «Аружан» СОО-да «Ақ лента» акциясын өткізіп, орталыққа келушілерге символикалық ленталар таратты. «Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті биыл 21-30 маусым аралығында «Отбасында зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» акциясын өткізіп жатыр. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің қызметкерлері «Аружан» сауда ойын-сауық орталығында «Ақ лента» акциясын бастады. Оның басты мақсаты - әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық мәселесіне назар аудару. Әйел адамға, қыз балаға ешқандай зорлық-зомбылық жасалмауы керек», - деді қалалық полиция департаменті әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімінің басшысы Гүлмира Шрахметова. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында елді мекендерде халықты жеке қабылдау арқылы мобильді акциялар ұйымдастырылады. Бұдан басқа ауқымды акция аясында кәсіпорындар мен ұйымдарда отбасылық құндылықтарды насихаттау, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу бойынша брифингтер, семинарлар, тренингтер, дөңгелек үстелдер өткізіледі. Азаматтар көп жиналатын жерлерде тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбына билбордтар мен плакаттар орналастырылған. Іс-шараларды өткізу кезінде санитарлық-эпидемиологиялық нормалар сақталады.

-->