Елорда жаңалықтары

Премьер-министр Нұр-Сұлтанда карантинді күшейтуді тапсырды

Үкімет мәліметінше, премьер-министр төрағалығымен өткен үкімет отырысында елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қаралды. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой халықты вакциналау барысы мен қазіргі жағдай туралы баяндады. Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақты және бақылауға алынған. Вирустың репродуктивтік индексі 1 құрайды, инфекциялық төсек орындар 25%, реанимациялық төсек орындар 21% толы. Нұр-Сұлтан қаласы әлі де «қызыл аймақта» тұр, «сары аймақта» 5 өңір: Алматы әрі Шымкент қалалары, Атырау, Батыс Қазақстан мен Қарағанды облыстары орналасқан. Қалған 11 өңір – «жасыл аймақта». Бүгінгі таңда 2,8 млн астам адам бірінші компонентті, 1,7 млн астамы екінші компонент алды. Асқар Мамин бас қалада коронавирустың үнділік «Дельта» штамына тән мутацияның ықтималдығы анықталып жатқанын, оның таралу жылдамдығы өте жоғары, жылдам өршитінін және салдары анағұрлым ауыр екенін атап өтті. Үкімет басшысы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды бақылауда ұстауды, ведомствоаралық комиссияға елордадағы санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды күшейту бойынша қосымша шаралар қабылдауды тапсырды. «Жалпы, Қазақстандағы жағдай тұрақты болғанына қарамастан, көрші мемлекеттердегі жағдай нашарлай түсуде. Сондықтан мемлекеттік шекарада бақылауды күшейту керек. Сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтауға әрі вакциналау қарқынын арттыруға ерекше назар аудару қажет», - деді Мамин.

-->