Нұр-Сұлтанда экологияны жақсарту бойынша кешенді шаралар қабылданды
Жұмыстар бірнеше бағытта жүріп жатыр: газдандыру, ауқымды көгалдандыру, ЖЭО жұмысын жаңғырту, экологиялық таза көлік түрлерін енгізу, құрылыс қалдықтарын қайта өңдеу үшін алаң салу, қоқыстарды сұрыптау және т.б. Бірінші. Жеке секторды газдандыру Қалада газдандыру жұмыстары жалғасып жатыр. Өткен жылыту маусымында (2020-2021 ж) Теміржолшылар, Көктал-2 аудандарының тұрғындары, сол сияқты Агроқалашықтың бір бөлігі газға қосылды. Былтыр елорданың тұрғын үй алаптарында 345 км газ тарату желісі салынды. Биыл тағы 317 км желі салу жоспарланып отыр. Оның 170 шақырымы 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында салынды. Жаңа жылыту маусымында елорданың тағы 7 тұрғын алабының тұрғындары газға қосыла алады. Қаланы газдандыру экологияны айтарлықтай жақсартады. Сондай-ақ ЖЭО-1 және ЖЭО-2-нің бірқатар су жылыту қазандығы газға ауыстырылды. Қалған қазандықтар биыл газға көшіріледі. Екінші. Жаппай көгалдандыру Жыл сайын қалада жасыл аймақтар, саябақ аумағы және т.б. көбейіп келеді. Биылдың өзінде 1 млн-ға жуық жасыл желек (ағаштар, бұталар және т.б.) отырғызылады. Соның ішінде қалаға таза ауа беріп отырған елорданың «жасыл белдеуінде» жұмыстар жүріп жатыр. Үшінші. Экологиялық таза көлік түрлерін енгізу Атмосфераға шығатын зиянды заттарды азайту үшін қала әкімдігі 100 электр автобусын қолданысқа енгізді. Бұл электр автобустарының артықшылығы – қоршаған ортаға зиянды қалдықтар шығармайды. Осындай экологиялық автобустардың санын жоспарлы түрде арттыру үшін қалада электр автобустары бар заманауи парк құрылысы жүріп жатыр. Төртінші. Қоқыс өңдеу зауытын жаңғырту Биыл «Солтүстік жота» карьерін одан әрі қалпына келтіре отырып, құрылыс қалдықтарын қайта өңдеу алаңы іске қосылады. Онда құрылыс қалдықтарын қайта өңдейтін ұнтақтау кешені қарастырылған. Бұл қалдықтарды кәдеге жарату процесін де жеңілдетеді. Бұдан басқа қоқыс өңдеу зауытын жаңғырту жалғасады. Бұған қоса қатты тұрмыстық қалдықтарды жеке жинау, рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерінің пайда болуына жол бермеу, экологиялық сенбіліктер және т.б. бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Бұл шаралардың бәрі жалғасады. Дегенмен экологияның жақсаруына жалпы үлес адамның мәдениеті мен табиғатқа деген жеке көзқарасына байланысты.
-->Жұмыстар бірнеше бағытта жүріп жатыр: газдандыру, ауқымды көгалдандыру, ЖЭО жұмысын жаңғырту, экологиялық таза көлік түрлерін енгізу, құрылыс қалдықтарын қайта өңдеу үшін алаң салу, қоқыстарды сұрыптау және т.б. Бірінші. Жеке секторды газдандыру Қалада газдандыру жұмыстары жалғасып жатыр. Өткен жылыту маусымында (2020-2021 ж) Теміржолшылар, Көктал-2 аудандарының тұрғындары, сол сияқты Агроқалашықтың бір бөлігі газға қосылды. Былтыр елорданың тұрғын үй алаптарында 345 км газ тарату желісі салынды. Биыл тағы 317 км желі салу жоспарланып отыр. Оның 170 шақырымы 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында салынды. Жаңа жылыту маусымында елорданың тағы 7 тұрғын алабының тұрғындары газға қосыла алады. Қаланы газдандыру экологияны айтарлықтай жақсартады. Сондай-ақ ЖЭО-1 және ЖЭО-2-нің бірқатар су жылыту қазандығы газға ауыстырылды. Қалған қазандықтар биыл газға көшіріледі. Екінші. Жаппай көгалдандыру Жыл сайын қалада жасыл аймақтар, саябақ аумағы және т.б. көбейіп келеді. Биылдың өзінде 1 млн-ға жуық жасыл желек (ағаштар, бұталар және т.б.) отырғызылады. Соның ішінде қалаға таза ауа беріп отырған елорданың «жасыл белдеуінде» жұмыстар жүріп жатыр. Үшінші. Экологиялық таза көлік түрлерін енгізу Атмосфераға шығатын зиянды заттарды азайту үшін қала әкімдігі 100 электр автобусын қолданысқа енгізді. Бұл электр автобустарының артықшылығы – қоршаған ортаға зиянды қалдықтар шығармайды. Осындай экологиялық автобустардың санын жоспарлы түрде арттыру үшін қалада электр автобустары бар заманауи парк құрылысы жүріп жатыр. Төртінші. Қоқыс өңдеу зауытын жаңғырту Биыл «Солтүстік жота» карьерін одан әрі қалпына келтіре отырып, құрылыс қалдықтарын қайта өңдеу алаңы іске қосылады. Онда құрылыс қалдықтарын қайта өңдейтін ұнтақтау кешені қарастырылған. Бұл қалдықтарды кәдеге жарату процесін де жеңілдетеді. Бұдан басқа қоқыс өңдеу зауытын жаңғырту жалғасады. Бұған қоса қатты тұрмыстық қалдықтарды жеке жинау, рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерінің пайда болуына жол бермеу, экологиялық сенбіліктер және т.б. бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Бұл шаралардың бәрі жалғасады. Дегенмен экологияның жақсаруына жалпы үлес адамның мәдениеті мен табиғатқа деген жеке көзқарасына байланысты.