18 сәуірден бастап елордада жылу беру тоқтатылады
-->
Нұр-Сұлтанда «Қаланың жылу беру маусымын дайындау және өткізу қағидаларының» 42-тармағына сәйкес сыртқы ауаның тұрақты орташа тәуліктік температурасы +10 градус және одан жоғары болған кезде күнтізбелік 5 күн ішінде елорданың жергілікті атқарушы органының жылу маусымын аяқтау туралы шешімі қабылданады.
Осыған байланысты бесінші күн 17 сәуірге түсетінін ескерсек, 18 сәуірден бастап жылу беруді тоқтату туралы шешім қабылданды. Бұл шешім әлеуметтік нысандарға қатысты емес, – делінген хабарламада.