Елорда жаңалықтары

Студенттер саябағында көше спортына арналған кешен орнатылады

Әкімдік мәліметінше, көше спортына арналған екі деңгейлі мультифункционалды арена бұқаралық спортты дамыта түспек. Онда баскетбол, футбол, бокс турнирлері мен би жарыстарын өткізу жоспарланып отыр. Ал қыста трибуна мұз айдынына айналуы мүмкін. Оны орнату жұмыстары басталып кетті. Спорт әуесқойларына арналған жаңа орын шілде айында ашылады. «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» мастер-жоспарының тұжырымдамасы аясында қоғамдық кеңістіктер, саябақтар, жайлы қалалық орта, оның ішінде көше спортын насихаттау үшін инфрақұрылым салу қолға алынды. Мұндай алаңдардың әрбір ауданда болуы үшін полицентрлік қағидат ескеріледі», - деді сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрлан Ұранхаев. NS street life көше спорт аренасында төрт кіреберіс, оның ішінде айнала отыратын орын болады. Екінші деңгейде көлеңкелі шатырлар қарастырылған. Бірінші деңгейде отыратын орындар саны – 350 адам, екінші деңгейде – 100-ге жуық. «Бос аумақтар – спорт үшін ең қолайлы орын. Ал Ататүрік атындағы саябақта йога алаңы ұйымдастырылады. Көше спорты колизейінің іші мен сыртында бірнеше жарысты қатар өткізуге болады», - деді урбанистика орталығының басшысы Елнар Базыкен. Елордада «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» мастер-жоспары аясында биыл 160 аула және қоғамдық кеңістікті абаттандыру көзделіп отыр.

-->