Елорда жаңалықтары

«Бір жәдігер тарихы. Батырлар және самурайлар институты – мәдениет көрсеткіші» көрмесі ашылды

Көрме Елбасы кітапханасының музейлік жинағындағы қару-жарақтар мен әскери сауыт-саймандар топтамасының тақырыптық тобынан ұсынылған және «Тәуелсіздіктің мәдени негізі» жобасы аясында ұйымдастырылды. Әр халықтың тарихында сан ғасырлар бойы қалыптасқан әскери және жауынгерлік мәдениет ерекше орын алады. Қандай да бір халықтың географиялық орналасуы, климаттық жағдайы, оның әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрлері мен құндылықтар жүйесі – бұл әлеуметтік құбылыстың айрықша сипаттары мен өзіндік ерекшеліктері болып саналады. Соның нәтижесінде, ұлттық қару-жарақ пен жеке қорғаныс құралдарының алуан түрі қалыптасты. Орта ғасырларда қазақ даласында жоңғарлармен соғыстың өршіп тұрған кезеңінде батырлар институты – Ш. Уәлихановтың анықтамасы бойынша  түп-тарихы көшпелі дала империяларының заманынан бастау алатын «дала серілігі» қалыптасты. Батырлар Еуропа мен Азияның көптеген заманауи халықтары мемлекеттілігінің еуразиялық өзегінің қорғанына, ұлы көшпенді өркениеттің дәстүрлі мәдениетінің иегеріне айналды. Жапон аралдарында осы уақытта көне дәуірлерде пайда болған самурайлардың бірегей мәдениеті өркендей бастады. Ұсынылған әскери қару-жарақтар түрлі құрлықтар мен әртүрлі этникалық ортаға қатысты болғанымен, сол кезеңнің үндестігін көрсетеді. Екі бөлімнен тұратын көрме батырлар және самурайлардың әскери сауыт-саймандары, қару-жарақтарымен ғана емес, сонымен қатар Қазақстан және Жапонияның тарихы, салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, ұлттық мәдениет және тұрмыс бұйымдарымен таныстырады. Күміс залдың холлында ұсынылған «Бір жәдігердің тарихы. Самурайдың әскери сауыт-саймандары мен қару-жарағы» көрменің бірінші бөлімі самурайлық мәдениетпен таныстырып, таңғажайып жапон өнері мен дәстүрінің әлеміне жетелейді. Оған қоса залда «бес қару» – жауынгерлік қару-жарақ жиынтығы, батырдың қорғаныс қару-жарағы, сондай-ақ батырлық дәстүрдің пайда болуына ықпал еткен көшпенді мәдениеттің тарихы мен жетістіктері жайлы баяндайтын жәдігерлер ұсынылған. Ортағасырлық кәсіби жауынгерлер – батырлар мен самурайлар бейнесіне арналған көрме олардың жауынгерлік тап ретінде бір-бірімен тығыз байланыстылығын және өз халқының мәдениетінің ажырамас бөлігі екенін көрсетеді. Олар өз жерлерін қорғауды қамтамасыз етіп, өмірлерін құрбан етті және халықтың санасында, оның тарихи мен рухани болмысында өшпес із қалдырды.  

-->