Елорда жаңалықтары

Аула неге тарылды?

2004 жылы Қорғаныс министр­лігінің қызметкерлеріне арнап салынған үйге алғаш қоныстанушылардың қуанышында шек болмағаны анық. Министрліктің ғимараты іргесінде. Енді-енді бой көтеріп келе жатқан жас қаланың көрікті орындары да қарыс қадам жерде. Тіпті мұндағы тұрғындар дәл осы мекен Есілдің сол жағалауындағы ең алғашқы тұрғын үй болғанын айтады. Дегенмен Сығанақ көшесі №21 мекенжайына қоныстанғандардың қуанышы ұзаққа барған жоқ. Арада 2 жыл өтпей тұрғын үйдің іргесінен тағы бір үйдің құрылысы басталған. Кейіннен бұл нысанның құрылысы №21 үйге тиесілі жерге заңсыз жүргізілгені анықталды. Онысымен қоймай, дәл осы үйдің ауласындағы 13 сотықтан астам жер телімі де жеке кәсіпкердің меншігіне өткен екен. Алғашында мұнда көпқабатты автотұрақ пен көлік жуу орнын ашуға ниет танытқан кәсіпкердің шаруасы да көп ұзамай сиырқұйымшақтанып кеткен көрінеді. Содан бергі аралықта жердің меншік иесі бірнеше мәрте өзгерген. Тұрғындар оның да өзіндік себебі бар екенін айтады. – Өз үйімізге тиесілі аумақтың жеке кәсіпкерге сатылып кеткенін 2013 жылы білдік. Сол сәттен бастап Есіл ауданы әкімдігінен бастап түрлі мемлекеттік органдарға өтінішпен шықтық. Алайда ешқандай нәтиже жоқ. Құрылыс жұмыстары сол басталмаған күйінде тұр. Есесіне соңғы 10 жыл ішінде осы жер телімінің меншік иесі 6 рет ауысты. Жер телімі 2016 жылы жеке кәсіпкер Елдос Мұсабековтің иелігіне өткен. Одан кейінгі 3 жыл ішінде жер телімінің өз мақсатында пайдаланылмағанын көрген соң тағы да шағымдана бастадық. Осы кезде әлгі кәсіпкер жерді әкесі Нұрлан Мұсабековтің атына аударып берді. Меншік иесін 3 жыл сайын ауыстыру арқылы ол тексерістен қашып жүрген сыңайлы. Жерді иеленген кәсіпкердің әрекетіне құзырлы органдар назар аударады деп отырғанымызда, меншік иесі ауысып шыға келеді. Жалпы Жер кодексіне сай кәсіпкердің жеке меншігіндегі жерді мемлекеттік меншікке алуға болады екен. Тек мемлекет кәсіпкерге басқа аумақтан тиісті көлемдегі жер телімін тауып беруі керек, – дейді Сығанақ көшесіндегі №21 үйдің тұрғыны, отставкадағы полковник Хасейн Қуанышқалиев. Тұрғындардың айтуынша, осы мәселе бойынша 2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінде көшпелі жиын өтіпті. Басқосуда тұрғындар үй ауласындағы жер телімін жеке меншіктен мемлекет меншігіне алу туралы бастама көтерген. Соңында тараптар қала әкімдігінің Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасына хат жолдау туралы шешімге келген. Әйтсе де белсенді топтың бұл әрекетінен нақты нәтиже шыққан жоқ. Осылайша тұрғындардың талай жылдан бері өз ауласындағы жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылып, онда заманауи үлгіде балалардың ойын алаңы ашылып, жаттығу құрылғылары орнатылар деген үміттің жетегіндегі жүрген әрекетінен қайтарым болмай тұр. – Жасыратын несі бар, біздің балаларымыз құрылыс алаңында ержетті. Осы құрылысты қолға алғандарға тиісті шара қолдану бойынша әкімдікке, мемлекеттік органдарға жасаған өтініштерімізден де ешқандай нәтиже шықпады. Ал күн сайын ауладағы көзге қораш көріністі көру көңіл күйге де кері әсер етеді. Бұл үйде (Сығанақ көшесі, 21) қорғаныс саласына еңбек сіңірген офицерлер тұрады. Осы жағдай бізді қынжылтады, – дейді үй тұрғыны, отставкадағы полковник Виктор Тимещенко. Шынында, ойын баласын «сақалды» құрылыстың іргесіндегі шағын ғана алаңда құмары қанып ойнайды деу қиын. Сондықтан олар көрші үйлердің ойын алаңын жағалауға мәжбүр. Мұндайда қай кезде көңілі балада болатын ата-ананың далада жүрген бүлдіршіннің саулығын ойлап мазасы қашады. – Балаларға арналған ойын алаңы жоқтығынан олар кейде көрші үйлердің ауласына барып ойнайды. Ойын жасындағы 2 немерем бар. Соларды кешкісін жақын маңдағы үйлердің аулаларын аралап жүріп әзер табамын. Ауламызда шағын спорт алаңдары, жаттығуға арналған құрал-жабдықтар болса, бұлай әлекке түспес едік, – дейді Әбусағит Қадыров. Үй ауласындағы «сақалды» құрылыспен бірге дәл осы аумақта жүргізілген №23 тұрғын үйдің құрылысы да олардың бас ауруына айналған. – Бұл үйдің өзіне тиесілі жері жоқ деп айттым. Сондықтан тұрғын үйдің алдына жүргізілген құрылыс нысандары №21 тұрғын үйдің 1-кіреберісін жауып қалды. Қалалық әкімдік 2013 жылы тұрғын үй тұрған жерді уақытша пайдалануға берді. 2018 жылы сол мерзімі аяқталды. Демек, үй ауласындағы кейбір нысандар да сүрілуі керек болатын, – дейді Хасейн Құспанұлы. Қалай десек те еліміздің қорғаныс қабілетін арттыру жолында қызмет еткен ардагерлердің қорғансыздың күйін кешіп жүргені қынжылтады…

Шынболат КҮЗЕКБАЕВ

-->