Елорда жаңалықтары

Белгілі спортшылар вакцина салдырды

Олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша дамыту дирекциясының басшысы Азамат Хамзин әріптестерінің ұжымдық иммуннитет пен халық алдындағы жауапкершілігі жоғары екенін айтып, барша спортшы маусым айының соңына дейін 100% вакцина алатынын мәлімдеді. «Бізде қазір біраз спортшы екпе салдырды. Денсаулықтары жақсы. Ешқандай өзгерістер болған жоқ. Жаттығуларын тастамай, өз уақытында, режим бойынша айналысып жатыр. Ешқандай кемшілік болған жоқ. Әріптестеріміздің 50%-ы вакцина қабылдады. Кейбіреуінде медициналық босату бар. Мысалы, үлкен кісілер немесе жуырда ауырған кісілер бар. Менімен бірге біздің 5 қызметкеріміз келді. Маусымның аяғына дейін 100% өтеміз деп жоспарлап отырмыз. Әркім өздерінің жауапкершілігі, қалауы бойынша ғана. Ешкімді міндеттемейміз. Спортшылар да, жаттықтырушылар да өз еркімен алып жатыр», - деді ол. Азамат Хамзин спортшылардың жаппай вакцинацияны қолдайтынын жеткізді. «Негізінен спортшылар да, біздің спорт қызметкерлеріміз де, бәріміз вакциналауды қолдаймыз. Бүкіл ел болып, халық болып тезірек өтсек, ауру да бәсеңсіп, карантин де аяқталар еді. Спортшылар жауапкершілікті түсініп жатыр. Себебі қазір спорт кешендерінде, бассейндерде көп адам болуға болмайды. Жарыс кезінде көрермендерге кіруге болмайды», - дейді маман. Ал әйелдер күресі бойынша вице-президент Гузель Манюрова отандық өндірушілерді қолдап, QazVac екпесін салдырғанын айтты. «Мен отандық өндірушілерді қолдап, QazVac екпесін алдым. Ол жеңіл қабылданады. Менің көптеген танысым, әріптестерім QazVac-пен егілді», - деді ол. Сондай-ақ Гузель Манюрова Токиода өтетін жазғы олимпиада ойындарына қатысатын спортшының барлығы вакцина салдырғандарын айтты. «Олимпиада ойындарына қатысушылардың бәрі егілді. Себебі Токиода барлығы қатаң бақылауда болады. Жапондар өте тәртіпті халық. Сол елге жеткеннен кейін телефоныңызға арнайы бағдарлама орнатып, күнделікті жағдайыңызды, дене қызуыңызды өлшеп отырасыз. Онымен қоса, сыртқа шығу уақытыңызды да алдын-ала енгізіп отыруыңыз керек. Егер бұл ережелерді сақтамасаңыз, сізді және командаңызды өз еліңізге депортациялайды», - дейді спортшы. Елімізде жаппай вакциналау ақпанда басталған еді. Бүгінде 2,5 миллионнан аса Қазақстан азаматы екпенің бірінші компонентін алды.

-->