Елорда жаңалықтары

Нұр-Сұлтан маса және шыбын-шіркеймен қалай күреседі?

Әкімдік мәліметінше, қазір бірінші мен екінші тур аяқталды. Бұл жұмыс неліктен бірнеше кезең бойы жүргізілетінін басқарма мамандары түсіндірді. Сонымен, маусымға дайындық шаралары осы жылдың басында басталды. Шыбын-шіркейлер санын азайту жұмысы 6 тур бойы жүргізіледі. Олардың әрқайсысы кем дегенде 15 күнге созылады. «Қар еріп, көлшіктер пайда болғаннан кейін энтомологтар зерттеу жұмыстарын бастайды. Егер олар масалардың I немесе II сатыдағы дернәсілдерінің формаларын тапса, сол орынға дезинсекциялық өңдеу жүргізеді. Осы арқылы қансорғыштар саны айтарлықтай азайып, имаго сатысына дейін жетеді», - дейді басқарма. Бірінші тур мамыр айының ортасында аяқталды. Оның барысында 111 тіркелген (тұрақты) су айдынында әрі 123 уақытша қалыптасқан көлшікте ауқымды жұмыстар жүргізілді. Өңдеу жұмысы 23 697,47 мың шаршы метр алаңды қамтыды. Екінші кезең – ашық стацияларды, су қоймаларын өңдеу жұмысы 13 маусымға дейін жүрді. Масалардың көбеюін болдырмас үшін су айдындары препараттармен өңделіп, түтін арқылы қорғаныс тосқауылы жүргізіледі. Бұл масалар және шіркейлердің жаппай көшуіне жол бермейді. Жұмыстар қауіпсіздік шараларын сақтап, адамдар мен жануарларға қауіп төндірмейтін хлорпирифос әрі малатионнің ФОС класындағы инсектицидтік препараттарды қолдана отырып жүргізіледі. Жұмыс мамандандырылған дезинфекциялық машиналар және термогенераторлардың көмегімен жасалады. Шыбын-шіркей жою жұмысына 150 дезинфектор, 8 биолог-энтомолог, 24 термогенератор, 150 дана мотор-ранцты бүріккіш, 4 дана дезинфекциялық машина мен 2 дана дезинфекциялық қондырғысы бар мотошасси қолданылады. Сондай-ақ ведомство өңдеу жұмысы неліктен бірнеше тур жүргізілетінін былайша түсіндірді. «Әр жәндік қолайсыз жағдайға тез бейімделіп, препараттарға қарсы иммунитетін дамыта алады. Сол себепті ара-арасына үзіліс жасалуы тиіс. Дегенмен әрбір тіршілік иесі табиғат үшін маңызды екенін ұмытпаған жөн. Масалар әрі шыбын-шіркейлер табиғи экожүйенің маңызды бөлшегі саналады. Адамды негізінен ұрғашы масалар шағады. Себебі олар өз ұрпағын қалдыру үшін міндетті түрде қоректенуі қажет. Ал еркек масалар өсімдіктердің балшырыны және шырынын қорек етеді. Осылайша жерді тозаңдандырады. Дегенмен қансорғыш жәндіктер жұқпалы ауру таратуы да мүмкін. Тіпті аллергиялық реакциялар да осыдан туындап жатады. Сол себепті өңдеу жұмысы олардың санын азайту үшін жүргізіледі», - деп түсіндірді мамандар. Қансорғыш жәндіктердің көбейетін орны негізінен - иесіз қалған дымқыл жертөлелер, құрылыс нысандары мен жеке үйлер. Қамыс басқан орындар дезинсекциялық жұмыстар жүргізу кезінде үлкен проблема тудырады. Сол себепті тиісті нәтижеге жету үшін жұмыс жан-жақты жүргізіледі.

-->