Нұр-Сұлтанның екі даңғылында Bus Lane іске қосылады
СТS мәліметінше, 20 маусымнан бастап Ұлы дала даңғылы бойында, Мәңгілік Ел даңғылы – 38 көшесі бөлігіндегі екі бағытта Bus Lane жолағы іске қосылады. Күн сайын онда 5 бағдар жүреді: №№ 15, 15а, 35, 54, 60. Бұл – 53 бірлік автобус. Сонымен қатар 26 маусымда Абылай хан даңғылындағы Пушкин көшесі мен Мұстафин көшесі бөлігінің екі жағында арнайы жолақ өз жұмысын бастайды. Ол жермен 29 бағдар жүреді (22 қалалық және 7 қала маңы): № № 5, 5A, 8, 9, 11, 13, 14, 15, 15A, 18, 22, 22A, 23, 28, 31, 33, 40, 48, 60, 72, 73, 80, 304, 313, 315, 316, 318, 321, 322. Барлығы – 259 автобус. Бұдан басқа Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі полиция департаментімен бірлесіп, Тұран даңғылы бойынша Қонаев көшесі мен Сарайшық көшесінің оң жағалау бағытында бөлінген жолақты енгізуді жоспарлап отыр. Онда 9 бағдар жүреді: №№ 12, 32, 35, 46, 50, 53, 300, 305, 312. Барлығы – 101 бірлік автобус. Еске салсақ, 29 мамырдан бастап Тұран даңғылында, Керей Жәнібек хандар көшесінен Сығанақ көшесіне дейін бөлінген Bus Lane жолағы іске қосылды. Аталған учаскеде 5 бағдардың қозғалысы үшін артықшылық жасалды. Ол: №40, 50, 51, 53, 61. Қазір елордада Bus Lane жобасы ұзындығы 57,2 км болатын 22 жол учаскесінде іске қосылған.
-->СТS мәліметінше, 20 маусымнан бастап Ұлы дала даңғылы бойында, Мәңгілік Ел даңғылы – 38 көшесі бөлігіндегі екі бағытта Bus Lane жолағы іске қосылады. Күн сайын онда 5 бағдар жүреді: №№ 15, 15а, 35, 54, 60. Бұл – 53 бірлік автобус. Сонымен қатар 26 маусымда Абылай хан даңғылындағы Пушкин көшесі мен Мұстафин көшесі бөлігінің екі жағында арнайы жолақ өз жұмысын бастайды. Ол жермен 29 бағдар жүреді (22 қалалық және 7 қала маңы): № № 5, 5A, 8, 9, 11, 13, 14, 15, 15A, 18, 22, 22A, 23, 28, 31, 33, 40, 48, 60, 72, 73, 80, 304, 313, 315, 316, 318, 321, 322. Барлығы – 259 автобус. Бұдан басқа Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі полиция департаментімен бірлесіп, Тұран даңғылы бойынша Қонаев көшесі мен Сарайшық көшесінің оң жағалау бағытында бөлінген жолақты енгізуді жоспарлап отыр. Онда 9 бағдар жүреді: №№ 12, 32, 35, 46, 50, 53, 300, 305, 312. Барлығы – 101 бірлік автобус. Еске салсақ, 29 мамырдан бастап Тұран даңғылында, Керей Жәнібек хандар көшесінен Сығанақ көшесіне дейін бөлінген Bus Lane жолағы іске қосылды. Аталған учаскеде 5 бағдардың қозғалысы үшін артықшылық жасалды. Ол: №40, 50, 51, 53, 61. Қазір елордада Bus Lane жобасы ұзындығы 57,2 км болатын 22 жол учаскесінде іске қосылған.