Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобы әуежай қызметкерлерімен кездесті
Шараға қатысқан Н.Назарбаев атындағы әуежайдың желілік полиция бөлімінің қызметкерлері ҚР ҰҚК академиясының жедел психология кафедрасының аға оқытушысы Лола Шакимова мен сарапшы-психолог Бауыржан Шерияздановтың мардымды пікірлерін тыңдап, өздерін толғандарған сұрақтарға тұшымды жауап алды. Сонымен қатар сарапшылар азаматтар санасында деструктивті жалған діни ағымдардың идеологиясын қабылдамайтын иммунитет қалыптастыру, ксенофобты, агрессиялы, радикалды діни сенімдер мен идеологиялардың шынайы бет-бейнесін ашып көрсету, халқымыздың рухани құндылықтарын сақтау турасында өз ойларын ортаға салды. Алғаш болып сөз алған сарапшы-психолог Бауыржан Шериязданов елімізде бір шаңырақтың астында тұрып жатқан ұлт пен дін өкілдерінің жарасымын, таулығын бұзғысы келетін күштерге қарсы тұрар халықтың ынтымағы мен иманын бекітудің жолы дәстүрлі діни құндылықтарды дәріптеуде жатыр деді. «Терроризм идеяларын жою үшін бір кісідей жұмылу, саяси қайраткерлердің, діни жетекшілердің, қоғамдық пікір көшбасшылары мен бұқаралық ақпарат құралдарының ағартушылық бағыттағы кең ауқымды жұмысын жүргізу аса маңызды. Себебі ел аумағында жасырын немесе жария түрде қоғамға қауіп төндіріп отырған дәстүрлі емес деструктивті ағымдардың кең таралу мәселесі әлі түбегейлі шешілген жоқ», – деді Шериязданов. Сондай-ақ кездесуде жат ағым қатарларын көбейтіп жатқан азаматтардың діннен хабары аз болатыны, дәстүрден тыс діни ағымдардың қоғамды іштен ірітіп жатқаны туралы ашық пікірлер айтылды. Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері оң тәжірибелерімен алмаса келе, алдағы міндеттерін айқындады.
Наима НҰРАЛЫҚЫЗЫ
-->Шараға қатысқан Н.Назарбаев атындағы әуежайдың желілік полиция бөлімінің қызметкерлері ҚР ҰҚК академиясының жедел психология кафедрасының аға оқытушысы Лола Шакимова мен сарапшы-психолог Бауыржан Шерияздановтың мардымды пікірлерін тыңдап, өздерін толғандарған сұрақтарға тұшымды жауап алды. Сонымен қатар сарапшылар азаматтар санасында деструктивті жалған діни ағымдардың идеологиясын қабылдамайтын иммунитет қалыптастыру, ксенофобты, агрессиялы, радикалды діни сенімдер мен идеологиялардың шынайы бет-бейнесін ашып көрсету, халқымыздың рухани құндылықтарын сақтау турасында өз ойларын ортаға салды. Алғаш болып сөз алған сарапшы-психолог Бауыржан Шериязданов елімізде бір шаңырақтың астында тұрып жатқан ұлт пен дін өкілдерінің жарасымын, таулығын бұзғысы келетін күштерге қарсы тұрар халықтың ынтымағы мен иманын бекітудің жолы дәстүрлі діни құндылықтарды дәріптеуде жатыр деді. «Терроризм идеяларын жою үшін бір кісідей жұмылу, саяси қайраткерлердің, діни жетекшілердің, қоғамдық пікір көшбасшылары мен бұқаралық ақпарат құралдарының ағартушылық бағыттағы кең ауқымды жұмысын жүргізу аса маңызды. Себебі ел аумағында жасырын немесе жария түрде қоғамға қауіп төндіріп отырған дәстүрлі емес деструктивті ағымдардың кең таралу мәселесі әлі түбегейлі шешілген жоқ», – деді Шериязданов. Сондай-ақ кездесуде жат ағым қатарларын көбейтіп жатқан азаматтардың діннен хабары аз болатыны, дәстүрден тыс діни ағымдардың қоғамды іштен ірітіп жатқаны туралы ашық пікірлер айтылды. Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері оң тәжірибелерімен алмаса келе, алдағы міндеттерін айқындады.
Наима НҰРАЛЫҚЫЗЫ