Елорда жаңалықтары

Елордада азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін қандай шаралар атқарылып жатыр

Жұмыс бірнеше бағытты қамтиды: тұрақтандыру қоры құрылды, «айналым тетігі» жобасы жалғасты, «форвардтық келісімшарттар» жасалды, жыл сайын маусымдық жәрмеңкелер мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілермен кездесулер өткізіледі және т.б. Бірінші. «Айналым тетігі» жобасы жалғасты. Жобаға қатысушылар саны 4 желіден 9 желіге дейін кеңейді. Олар: «Магнум», «Астықжан», «Кеңмарт», «Анвар», «Рахмет», «Ақмол», «Бигшанхай», «Шапағат», «Вкусмарт». Бұдан басқа сауда желілеріне азық-түлік сатып алуға бөлінетін сома 24 есе артты, яғни 180 млн теңгеден 4,3 млрд теңгеге дейін (соңғы 4 жылда) ұлғайды. Бұл картоп, пияз, қырыққабат, сәбіз, күріш, қарақұмық, күнбағыс майы, жұмыртқа, ұн, құс еті, сүт, сүзбе және т.б. өнімдерді белгіленген бағамен сатуға мүмкіндік береді. Мысалы, картоп бағасы 225 теңгеден басталады. «Шарын» көтерме сауда базарында картоп 270 тг/кг бағамен сатылады, «КеңМарт» дүкенінде картоптың бағасы 288 тг/кг, «Ақмол» дүкендер желісінде 320 тг/кг және т.б. Екінші. 3 фермерлік шаруашылықпен 665 млн теңгеге жуық сомаға «форвардтық келісімшарт» жасалды (398 300 млн теңге сомаға «АА Агро» ЖШС, 105 074 млн теңге сомаға «Кереку агро» ЖШС, 260 910 млн теңге сомаға «Астық ПВ» ЖШС). Маусымаралық кезеңде, яғни олардың бағасы өскен кезде көкөніс өнімдері қолайлы бағамен сатылады. Осылайша, сатылатын өнімдер тікелей сөрелерге түседі. Үшінші. Нан бағасын тұрақтандыру жұмысы жалғасып келеді. Ол үшін отандық өндірушілерден ұн сатып алуға жергілікті бюджеттен қосымша 600 млн теңге бөлінді. Ұнның бұл мөлшері келесі егін жиналғанға дейін, яғни 2022 жылғы қыркүйекке дейін жеткілікті болады. Төртінші. Сәуір айынан бастап Ақмола облысы Целинград ауданы тауар өндірушілерінің және Нұр-Сұлтан қаласы кәсіпкерлерінің қатысуымен тауар өндірушілер мен көтерме сатушылардың бағалары бойынша демалыс күнгі ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері (Сауран, 7 және Қосшығұлұлы, 14) өтеді. Сонымен қатар жақын арада республика өңірлерінің қатысуымен жәрмеңкелер маусымы ашылады. 14 жәрмеңке өткізу жоспарланып отыр. Жәрмеңкелерде азық-түлікті 10-15%-ға төмен бағамен сатып алуға болады. Бесінші. Жалпы ауданы шамамен 50 мың шаршы метр болатын 3 көтерме-тарату орталығын салу үшін инвесторлар жұмылдырылды. Нәтижесінде, жеке инвестициялар сомасы шамамен 15 млрд теңгені құрайды. Бұл азық-түлікті үлкен көлемде көтерме-тарату орталығында сақтауға мүмкіндік береді.

-->