Елорда жаңалықтары

Елордалықтарға аулада қай уақытқа дейін серуендеуге болады

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен тұрғындарға аулада қай уақытта серуендеуге болатынын айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Азаматтардың үй ауласында серуендеуіне келесі талаптарды сақтаған кезде рұқсат етіледі. Көшеде үш адамнан артық жиналуға тыйым салынған, отбасы мүшелеріне ғана рұқсат. Кәмелетке толмаған балаларға аулада әкесі не анасынсыз немесе 18 жастан асқан туысынсыз жүруге болмайды. Аулада серуендеп жүрген азаматтар медициналық маска тағып, медициналық қолғап киіп, өзімен бірге куәлігін алып жүруі тиіс. Серуендеуге тек өз ауласының аумағында рұқсат беріледі. Сағат 6.00-ден 20.00 дейін көшеде жүруге болады. Бұнымен қоса, 60 жастан асқан, созылмалы аурулары бар адамдарға аса үлкен қажеттілік болмаса көшеге шықпау керек. Бұл санаттағылардың Covid-19 жұқтыру қаупі жоғары», - деді Бақтияр Мәкен Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

-->