Нұр-Сұлтанда жаяу жүргіншілерге арналған кеңістік ашылады
Әкімдік мәліметінше, жаз бойына барлық демалыс күндері аумақта шығармашылық ұжымдардың, концерттік ұйымдардың және театрлардың қойылымдары болады. Сағат таңғы 10:30-21:30 аралығында қала тұрғындарын ересектер мен балаларға арналған ойын-сауық бағдарламасы күтеді. Демалыс күні жаяу жүргіншілер көшесі Әзірбайжан Мәмбетов көшесінің Абай көшесінен Кенесары көшесіне дейінгі бөлігі болады. Жаяу жүру аумағы кіреберіс аркадан басталады, оған жақын жерде қойылымдарға арналған сахна орнатылады. Одан әрі жаяу жүргіншілер көшесінің бойында шатырлары бар сауда-көрме алаңы орналасады. Сондай-ақ суретшілер бұрышы, шахмат ойнауға, ұлттық ойындарға («асық ату» және «тоғыз құмалақ») арналған орындар болады. Сондай-ақ ерекше инсталляциялар, бар-үстелдер және арт-нысандардан фото аймақтары орнатылады. «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» мастер-жоспарын іске асыру аясында қала әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасы бойынша, қоғамдық орындар мен аулалардың құрылысына көңіл бөлінеді. Осылардың бірі – DEMALYS PROMENAD. Біздің тұрғындар мен қонақтар үшін тағы бір тартымды орын ашылады. Қаламыздың тарихи бөлігі одан да қызықты болатынына сенімдімін. Жаздың басында Ж.Омаров көшесінде (Республика даңғылынан М. Әуезов көшесіне дейін) «Театр бульварының» бір бөлігі ашылды. Сондай-ақ, Есіл өзенінің жағалауында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Ол жерде демалуға арналған қызықты орындар, «Атырау» жаяу жүргіншілер көпірінен Қабанбай батыр көпіріне дейінгі велосипед жолы болады. Сонымен қатар Республика даңғылының тротуар бөлігінде, Самал ықшам ауданынан Гете көшесіне дейін жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 4 қоғамдық кеңістік салынады. Бұл жұмыстардың бәрі тұрғындар үшін, олардың ыңғайлығы және тиімді демалуы үшін жасалады», - деді Сарыарқа ауданының әкімі Е.Байкен. Мұнда кешкі серуенге ыңғайлы болу үшін жарықтандыру жұмыстары жүреді. Кейбір үйдің қасбеті граффитимен, граффити-фестивальдеріне арналған құрылымдармен безендіріледі. Әр демалыс сайын таңғы сағат 10:30-дан кешкі 21:30-ға дейін Нұр-Сұлтан қаласының театрлары мен концерттік ұйымдары ұсынған үздік концерттер өтеді. Art Space шағын кеңістіктері еркін әртістердің, жастар театрларының, аниматорлардың және басқа да шығармашылық кластер өкілдерінің өнер көрсетуіне жағдай жасайды. Sport and Dance алаңы ашылады. Мұнда таңертең оқыту ойындары, спорттық шеберлік сабақтары және кешке қарай «баттл» би фестивалдері өтеді. Кәдесыйлар сатып алғысы келетіндер үшін қолданбалы өнер жәрмеңкесі және суретшілер бұрышы ұйымдастырылады. «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында бірқатар іс-шара өтеді. Осындай оқиғалардың бірі «Шығармашылық марафоны» болмақ. Қала әкімдігі бұл жобаны санитарлық нормаларға сәйкес, ашық аспан астында өткізу туралы шешім қабылдады. Жоба аясында астананың жетекші шығармашылық ұжымдары өнер көрсетеді, театрлар көптен күткен спектакльдер ұсынады, концерттік ұйымдар түрлі жанрда іс-шаралар өткізеді. Би өнерін үйренгісі келетіндерге шеберлік сабақтары және қала тұрғындары үшін тағы да көптеген қызықты әрі пайдалы шара ұйымдастырылады», - деді мәдениет басқармасының басшысы Нұрлан Әлімжанов. Бірыңғай жаяу жүргіншілер аймағы Мәмбетов көшесінен басталып, ескі Арбатқа дейін жалғасады.
-->Әкімдік мәліметінше, жаз бойына барлық демалыс күндері аумақта шығармашылық ұжымдардың, концерттік ұйымдардың және театрлардың қойылымдары болады. Сағат таңғы 10:30-21:30 аралығында қала тұрғындарын ересектер мен балаларға арналған ойын-сауық бағдарламасы күтеді. Демалыс күні жаяу жүргіншілер көшесі Әзірбайжан Мәмбетов көшесінің Абай көшесінен Кенесары көшесіне дейінгі бөлігі болады. Жаяу жүру аумағы кіреберіс аркадан басталады, оған жақын жерде қойылымдарға арналған сахна орнатылады. Одан әрі жаяу жүргіншілер көшесінің бойында шатырлары бар сауда-көрме алаңы орналасады. Сондай-ақ суретшілер бұрышы, шахмат ойнауға, ұлттық ойындарға («асық ату» және «тоғыз құмалақ») арналған орындар болады. Сондай-ақ ерекше инсталляциялар, бар-үстелдер және арт-нысандардан фото аймақтары орнатылады. «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» мастер-жоспарын іске асыру аясында қала әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасы бойынша, қоғамдық орындар мен аулалардың құрылысына көңіл бөлінеді. Осылардың бірі – DEMALYS PROMENAD. Біздің тұрғындар мен қонақтар үшін тағы бір тартымды орын ашылады. Қаламыздың тарихи бөлігі одан да қызықты болатынына сенімдімін. Жаздың басында Ж.Омаров көшесінде (Республика даңғылынан М. Әуезов көшесіне дейін) «Театр бульварының» бір бөлігі ашылды. Сондай-ақ, Есіл өзенінің жағалауында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Ол жерде демалуға арналған қызықты орындар, «Атырау» жаяу жүргіншілер көпірінен Қабанбай батыр көпіріне дейінгі велосипед жолы болады. Сонымен қатар Республика даңғылының тротуар бөлігінде, Самал ықшам ауданынан Гете көшесіне дейін жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 4 қоғамдық кеңістік салынады. Бұл жұмыстардың бәрі тұрғындар үшін, олардың ыңғайлығы және тиімді демалуы үшін жасалады», - деді Сарыарқа ауданының әкімі Е.Байкен. Мұнда кешкі серуенге ыңғайлы болу үшін жарықтандыру жұмыстары жүреді. Кейбір үйдің қасбеті граффитимен, граффити-фестивальдеріне арналған құрылымдармен безендіріледі. Әр демалыс сайын таңғы сағат 10:30-дан кешкі 21:30-ға дейін Нұр-Сұлтан қаласының театрлары мен концерттік ұйымдары ұсынған үздік концерттер өтеді. Art Space шағын кеңістіктері еркін әртістердің, жастар театрларының, аниматорлардың және басқа да шығармашылық кластер өкілдерінің өнер көрсетуіне жағдай жасайды. Sport and Dance алаңы ашылады. Мұнда таңертең оқыту ойындары, спорттық шеберлік сабақтары және кешке қарай «баттл» би фестивалдері өтеді. Кәдесыйлар сатып алғысы келетіндер үшін қолданбалы өнер жәрмеңкесі және суретшілер бұрышы ұйымдастырылады. «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында бірқатар іс-шара өтеді. Осындай оқиғалардың бірі «Шығармашылық марафоны» болмақ. Қала әкімдігі бұл жобаны санитарлық нормаларға сәйкес, ашық аспан астында өткізу туралы шешім қабылдады. Жоба аясында астананың жетекші шығармашылық ұжымдары өнер көрсетеді, театрлар көптен күткен спектакльдер ұсынады, концерттік ұйымдар түрлі жанрда іс-шаралар өткізеді. Би өнерін үйренгісі келетіндерге шеберлік сабақтары және қала тұрғындары үшін тағы да көптеген қызықты әрі пайдалы шара ұйымдастырылады», - деді мәдениет басқармасының басшысы Нұрлан Әлімжанов. Бірыңғай жаяу жүргіншілер аймағы Мәмбетов көшесінен басталып, ескі Арбатқа дейін жалғасады.