Елорда жаңалықтары

Елордада әлеуметтік көмектің мөлшері 400 мың теңгеге дейін ұлғаяды

-->

Биыл тағы 28,5 мың жұмыс орнын ашамыз, оның 24 мыңы – тұрақты жұмыс орны. Жаңа оқу жылында педагогикалық және медициналық мамандықтар бойынша жоғары білім алуға 1 300 грант бөлеміз. Сол сияқты тұрғын үй көмегінің мөлшерін ұлғайттық, ол әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға коммуналдық қызмет құнын төлеу үшін беріледі.

Сонымен қатар газдандыру қаланың тыныс-тіршілігі мен экологиясын жақсарту үшін маңызды екенін ескере отырып, көгілдір отынға қосылу үшін берілетін әлеуметтік көмек мөлшерін ұлғайттық. Бұл бастамамызды қалалық мәслихат қолдады. 11 сәуірден бастап аталған әлеуметтік көмектің мөлшері 260 мың теңгеден 400 мың теңгеге дейін ұлғаяды.

Азаматтарды қабылдау барысында қозғалатын проблемалар бойынша тиісті жұмыстар жүргізіледі. Ал кейбір мекенжайларды тұрақты аралайтын орындарымыздың кестесіне енгіземіз, – деп жазды А.Көлгінов.