Елорда жаңалықтары

Елордадағы сауда орталығынан заңсыз майнинг жабдығы табылды

Полиция департаментінің мәліметінше, кезекшіге сауда орталығындағы паркинг бөлмесінде майнингке арналған жабдық табылғаны жөнінде қоңырау түскен. Артынша желдету құбырының бетіндегі бөлмені аралау кезінде қосылып тұрған 4 құрылғы табылған.

Заңсыз жабдықты сауда ойын-сауық орталығының инженері желдеткіш қораптардағы кабельдік желілерді тексеру кезінде тауып, басшылыққа хабарлады.

Қазіргі уақытта майнинг жабдығын табу фактісі бойынша материал тергеуге дейінгі тексеру және процессуалды шешім қабылдау үшін Экономикалық тергеу департаментіне берілді.

-->